Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
ДАНА ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ «ЕҢБЕК ПЕН БАҚЫТ ЕГІЗ» ДЕГЕН НАҚЫЛ СӨЗІ БАР. ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛЫПТАСҚАН ЕҢБЕК ҚОҒАМЫНЫҢ БҮГІНГІ БЕЙНЕСІ ОСЫҒАН ДӘЛЕЛ ДЕП АЙТУҒА БОЛАДЫ. СОНДЫҚТАН «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ДЕГЕН ОРДЕН ТАҒАЙЫНДАЛДЫ, ОЛ ТЕК ҚАНА ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ТАПСЫРЫЛАДЫ. БҰЛ ОРДЕННІҢ ҮШ ДӘРЕЖЕСІ БАР. ҮШ ДӘРЕЖЕСІН БІРДЕЙ АЛҒАН АДАМ ЕҢБЕК ЕРІНЕ ТЕҢЕЛЕДІ. «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» ОРДЕНІНІҢ БЕРІЛУІ, ҚАТАРДАҒЫ ЕҢБЕК АДАМЫНА ДЕГЕН ШЫНАЙЫ ҚҰРМЕТТІҢ НАҚТЫ ҮЛГІСІ.
Қалияқпаров Ғабит Сағиұлы 1983 жылдың маусым айынан бастап Ақсу ауданында агроном — агрохимик, есепші — агроном, бригадир — агроном, бөлімше меңгерушісі, бөлімше — есепшісі жұмыстарын атқарды.
2006 жылдың ақпан айынан бастап, «РФДжБӘО» РММ Алматы облысы Ақсу аудандық филиалының гербологы, фитопатолог маманы, энтомология саласы бойынша агроном қызметін атқаруда.
Ауылшаруашылығы саласына сіңірген еңбегі үшін Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ауылшаруашылығы Министрлігінен «Өсімдікті қорғау саласының үздігі», «Үздік агроном» Құрмет Грамотасын алса, мекеменің ұсынысымен одан да жоғары, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.
Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, Қапал аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары, аудандық тіл, мәдениет, салт дәстүр бөлімінің меңгерушісі, Қазақ тілі қоғамының бастығы, аудандық «Білім» қоғамының бастығы міндеттерін қоса атқарған. Молалы, Б.Сырттанов ауылдық округтерінің әкімі болып, ердің жүгін көтеріп, елдің мұңын ақтарған, сол еңбегі ақталған «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» Әбішева Майра Есімқызы зейнеткерлікке шыққаннан кейін еңбегі бағаланып, есімі дараланып аудандық Мәдениет үйі кәсіподақ ұйымының ұсынысымен өткен жылы салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағынан «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.