Киелі жердің рухани маңызы

Сан мың ғасыр тарих қойнауындағы құпияларды ашу оңай жұмыс емес, әрине ол талмай ізденісті, еңбекті, ұқыптылықты та­лап етеді. Рухани жаңғыруға бай­ланысты кешегімізге үңіліп киелі жерлер құпиясын ашуға тырысқан отандастарымыздың еңбегі орасан.Соның нәтижесінде жер жаннаты

Жетісу өңірінде 2500 киелі жер бар екені анықталды.Бастысы 3500 жыл бұрын пайда болған ашық аспан астындағы мұражайлар, сол арқылы сақтардың құрылысты мықты меңгергендері байқалады және де алтын адамның табылуының нәтижесінде бабаларымыздың темір өңдеуде де жоғары деңгейде болғандығын әлем мойындады.Сол сияқты әулие ағаштар, бұлақ көздері, таңбалы тастар және т.б. тыл­сым күшке ие орындар толып жатыр.

Н.Ә.Назарбаев төл тарихың мен мәдениетіңді жетік біліп дәріптемейінше қоғамдық сананы жаңғырту мүмкін емес деп атаған болатын. Ендеше, барымыз­ды бағалайық, сырын ашуға үңілейік, кешегімізге көз жеткізіп, болашаққа даңғыл жол салайық.

Отаным мен болайын сүйенішің,

Ертеңнен көп жақсылық түйеді ішім.

Қойнауында сақтаулы сырларың көп,

Туған жер шыныменде киелісің!

Гүлназ ҚЫРЫҚБАЕВА,

Қызылағаш ауылдық мәдениет үйінің әдіскері.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ ғалымдарының алдына бірнеше мақсатты жоба-жоспарлар қойды. Солардың бірі – «Қасиетті Қазақстан» кешенді жобасы. Бағдарламалық мақалада айтылғандай, біз тарихы­мызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын — соңды жасаған емеспіз. Бұл дегеніміз – ерекше қастерленетін табиғи, мәдени мұра және діни сәулеттің айырықша ескерткіштер, кесене­лер, сондай-ақ, Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен бай­ланысты орындар. Біздің ауданымызда да осындай киелі орындар жетерлік. Тек солардың сырларын ашу, болашақ жастарға таныстырып, насихаттау біздің бо­рышымыз. Сағабүйен ауылында да мұндай орындар бар. Бірақ әлі де зерттеу жұмыстары жеткіліксіз болып жатыр. Атап айтқанда, «Қосбатыр» кесенесі, Шоңай батырдың балалары Нартайлақ пен Назар батыр тура­лы деректерді толықтыру қажет. Сағабүйен ауылындағы кезінде ашаршылықтан көз жұмған балаларға арналған ескерткіш тастың сырын бүгінгі ұрпаққа түсіндіру жұмыстарын қолға алу керек.

Сайлау МҰЗДЫБАЕВА,

Қарашілік ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

Мәліметпен бөлісу: