Төзім — тілекке жеткізеді

Ел Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы бүгін қауіпті індетке байланысты кезекті мәлімдемесін жасады. Бұл жолы карантиндік кезеңді ақырындап жеңілдету туралы ашып айтты. Бірақ, «Карантин режимін біртіндеп жеңілдету дегеніміз өзіміз үйренген күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екенін ұғынғанымыз жөн» – деп ескертіп айтты.

Ойын — сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болатынын, жоғары оқу орындары мен колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра беретінін қатаң ойластырып, халықты бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырды.

Халқымызда «Төзім тілекке жеткізеді» деген мақал бар. Сондықтан сабыр сақтайық. Қазіргідей күрделі кезде әрбір азамат біздің назарымызда болады. Мемлекет ешкімді қиындықта қалдырмайды – деп қадап айтты.

Елбасы Қасым – Жомарт Кемелұлы барынша көмегін аяп жатқан жоқ. Оны көзімізбен көріп отырмыз. Осындай сақтық пен қамқорлықтың арқасында еліміз басқа елдерге қарағанда ауыр індетті толық жеңіп шықпаса да жаппай таралуына жол бермей келеді. Мен аудан ақсақалы, Жансүгіров ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы ретінде ауыл, аудан жұртшылығын сабырлық сақтауға шақырамын. Елбасы мәлімдемесін тыңдап, көңіліміз бір көтеріліп қалды. Ақ халатты абзал жандарға мың да бір рахмет. Аудан әкімдігі, баспасөз қызметі және ішкі істер органдарының қызметкерлері де осы қиын кезде тәртіпті қатаң сақтап, ел тыныштығын күзетуде аянбай еңбек етіп келеді. Еліміз аман болсын! Біз Біргеміз!

Сайлаубек Алдабергенов,

Жансүгіров ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Мәліметпен бөлісу: