Жаңа жылға жаңа жетістіктермен

Құрметті ақсулықтар!

Бүкіл еліміздегі сияқты Ақсу жеріне де Жаңа 2018 жыл келді. Мол үмітке толы бұл жыл құтты болсын!
Әрбір жылды шығарып салар тұста өткенді ой елегінен өткізіп, жарқын жаңалықтарды, ерекше оқиғаларды еске аламыз, жылды қорытындылап жаңа жоспарлар жайлы ойланамыз, алдымызға міндеттер қоямыз.
Тарих қойнауына енген жыл айрықша болды. Қазақстан Республикасы рәміздерінің 25 жылдығы, Алаш орданың 100 жылдығы салтанатты түрде мерекеленді. Астанада EXPO — 2017 дүние жүзілік көрмесі жоғары деңгейде өтті.
Елбасымыздың сарабдал саясатының нәтижесінде еліміз барлық күрделі саяси оқиғаларға, жаһандық қаржылық дағдарысқа қарамастан қиындықтардан сүрінбей өтіп келеді.
Сондықтан өткен жыл ауданымыз үшін сәтті жыл болды деуге негіз бар.
Жыл өткен сайын аудан халқының тұрмыстық жағдайы жақсарып келеді. Талай жылдан бері тоқтап тұрған аудан алыбы қант зауытымыз іске қосылып, қайтадан қант шығара бастадық. Қаншама аудан тұрғындары жұмыспен қамтылды.Дала еңбеккерлері егіннен мол өнім алып, мал басын арттыруда. Аудандағы барлық өндіріс, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, тағы басқа салаларда еңбек ететіндер өз шеберліктерін жыл өткен сайын шыңдай түсуде. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданда талай жұмыс атқарылды. Ол әлі де жалғаса береді.
Ақсулықтар қай салада еңбек істесе де өзі және отбасы үшін ғана емес, туған жеріміздің өркендеуі үшін еңбек ететіндеріне сенесің. Сондықтан аудан тұрғындарының барлығына шынайы алғысымды білдіремін.
Құрметті жерлестер!
Жаңа жыл баршаңызды жаңа бақытқа үлкен арман — мақсаттарға жетелеп, ертеңгі күнге сенімдеріңізді еселей түссін. Әр істе бастамаларыңыз баянды болсын. Сіздерге ашық аспан, берекелі ғұмыр, тек сәттілікпен бақыт тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жылда зор жетістіктерге жетейік.
Ізгі ниетпен: аудан әкімі Ә.ДАЛБАҒАЕВ,

аудандық мәслихат
хатшысы Б.СҮЛЕЙМЕНОВ,

«Нұр Отан» партиясы Ақсу аудандық
филиалы төрағасының
бірінші орынбасары К.ДӘУЛЕТБЕКОВА.

Мәліметпен бөлісу: