Елбасы ундеуіне пікір

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы 20 наурызда коронавирусқа байланысты Қазақстан халқына Үндеуін жариялап, осындай ауыр кезеңде барлық қазақстандықтарды елдегі атқарылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырды.

Халқымызда «Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ” деп бекер айтылмаған және айтудан жалыққан да емес. Ауызбірлігі жарасқан елді ешқандай қиындық қыспағына ала алмайды. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Кешеден бері елдің жағдайына бей-жай қарай алмайтын аудан азаматтары Үндеуге қолдау көрсетіп қайырымдылық шараларды бастап кетті, ол өз жалғасын табады. Осындай игі шараларымыз көп болсын.

К.Дәулетбекова,

«Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты.

Мәліметпен бөлісу: