ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы, «Nur
Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздегі кәсіпкерлерге
осындай қиын кезде азаматтарға көмек көрсетуге шақырып үндеу жариялады.
Дүние жүзін дүрбелеңге салған індетті еңсеруде береке бірлігіміздің алар орны
бөлек . Мемлекетіміз дер кезінде қажетті шараларды атқарып, халықтың көңілін
орнықтырып, ел тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар атқаруда. Мен
Ақсулық кәсіпкерлерді Елбасы бастамасын қолдап, ел экономикасын тұрақтандыру
мақсатында, бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын.
Біз біргеміз!
Нәдірбаев Самат Тілеубайұлы
«Ақсу Қант» зауытының директоры.