Ақсу аудандық мәслихатыдепутаттығына  № 7 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Урисбаев Болатбек Орынұлы

САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМА

Ақсу аудандық мәслихаты
депутаттығына  № 7 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат

Урисбаев Болатбек

Орынұлы

Құрметті сайлаушылар!

         Мен, Урисбаев Болатбек Орынұлы, 1972 жылғы 26 шілдеде Жетісу облысы Ақсу ауданының Қарашілік ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Жетісу облысы Ақсу ауданының Сағабүйен ауылында тұрамын.

1988 жылы Қанабек Байсейітов атындағы Талдықорған музыкалық училищесіне оқуға түстім. 1998 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы педагогикалық институттың музыка факультетінің сырттай оқу бөліміне «Музыка» мамандығы бойынша оқуға түстім.

Еңбек жолымды 1992 жылы Сағабүйен музыкалық мектебінде домбыра пәнінің оқытушысы болып бастадым.

2008 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Сағабүйен ауылындағы Р.Тәжібаев атындағы ауылдық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарып келемін.

Қызметім барысында мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға, тұрғындардың шығармашылық белсенділігін арттыруға және ұлттық мәдени дәстүрлерді сақтауға ерекше көңіл бөлемін. Жұмыс барысында бастамашылдық, ұйымшылдық пен жауапкершілік танытып, ұжыммен және тұрғындармен тиімді қарым-қатынас орнатуға мән беремін.

Құрметпен, Урисбаев Болатбек Орынұлы

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

      — Ауылдардың санитарлық тазалығын жақсартуға және тазалық жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға ықпал ету;

      — тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару мәселелерін тиісті органдармен бірлесіп шешу жолдарын қарастыру;

       — көшелерді көгалдандыру, ағаш отырғызу және жасыл аймақтарды күтіп ұстау бастамаларын қолдау;

       — ауыл тұрғындарын туған жердің тазалығы мен көркеюіне ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыратын бастамаларды жүзеге асыруға атсалысу.

      — Ауданның табиғи көрікті жерлерін, тарихи орындары мен мәдени мұрасын кеңінен танытуға бағытталған бастамаларды қолдау;

       —  жас отбасылардың, әлеуметтік осал топтардың және баспанаға мұқтаж азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу жолдарын қарастыруға ықпал ету;        

        — балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған үйірмелер мен мәдени жобалардың қолжетімділігін арттыруға ықпал ету;

         — ауылішілік жолдардың жағдайын жақсарту, көшелерді жарықтандыру және қоғамдық орындарды абаттандыру мәселелерін көтеру;

         — бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуына бақылау жасауға атсалысу;

      — тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спорттың қолжетімділігін арттыруға атсалысу.

      — жастар арасында патриоттық тәрбиені, ұлттық құндылықтарды құрметтеуді және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған жобаларды қолдау;

       Әрбір ұсыныстың халықтың қажеттілігіне сай болуы, әрбір жобаның ел игілігіне қызмет етуі маңызды. Сондықтан тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, өзекті мәселелерді көтеруге және олардың заң аясында шешілуіне ықпал етуге басымдық беремін.

       ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

       Ауылымыздың тазалығы, мәдениетіміздің өркендеуі, тарихи мұрамыздың сақталуы және отбасылардың әл-ауқаты – ортақ мақсатымыз. Туған жеріміздің болашағы үшін бірлесе еңбек етіп, ауылдарымызды көркейтуге және келешек ұрпаққа жайлы орта қалыптастыруға атсалысайық!Туған жерге қызмет ету – ортақ міндет!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Таза әрі көрікті ауыл – тұрғындардың мәдениеті мен ортақ іске деген жауапкершілігінің айнасы. Қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және келер ұрпаққа таза мекен қалдыру бәрімізге ортақ міндет.

Ауылдарды абаттандыру, қалдықтарды жинау жүйесін жақсарту, жасыл аймақтарды көбейту және қоғамдық демалыс орындарын ретке келтіру мәселелерін тұрақты назарда ұстауға дайынмын.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Ұстанымым – тазалыққа жауапкершілікпен қарау, туған жерді құрметтеу және ортақ іске үлес қосу.

Ауылымыздың көркеюі әрқайсымыздың күнделікті ісімізден басталады.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындаған: Qprint  Мекен-жайы: Жібек жолы, 46

Басып шығарылған: 200 дана

Таралымы  200 дана.

Тапсырыс беруші: Баймуханов Бауыржан Уразамбаевич                        

Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Мәліметпен бөлісу: