Ақсу аудандық мәслихатыдепутаттығына № 2 бірмандатты сайлау округібойынша кандидат Тогасов Ержан  Досмуратович

САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМА


Ақсу аудандық мәслихаты
депутаттығына
 № 2 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат

Тогасов Ержан

 Досмуратович

Құрметті сайлаушылар!

Мен Тогасов Ержан Досмұратұлы 1993 жылы Жетісу облысы Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Жетісу облысы Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында тұрамын.

2011–2015 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің инженерлік-энергетикалық факультетінде «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша білім алдым.

2016–2018 жылдары А. Жолдасбеков атындағы академияда «Жергілікті мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша сырттай білім алдым.

Еңбек жолымды 2015 жылы Ақсу ауданы Қаракөз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметінен бастадым. 2015–2018 жылдары осы қызметте жұмыс істедім.

2018–2019 жылдары Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінде бас маман қызметін атқардым.

2018–2021 жылдары Ақсу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып жұмыс істедім.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінде бас маман қызметін атқарып келемін.

Қызмет барысында тәртіптілікке, жауапкершілікке және кәсіби біліктілікке басымдық беремін. Мемлекеттік және орыс тілдерінде қызметтік құжаттарды сауатты жүргіземін. Ауданның жергілікті ерекшеліктерін жақсы білемін, алдыма қойылған міндеттерді орындауда бастамашылдық пен жеделдік танытамын. Құрметпен,Тогасов Ержан

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауылдың өркендеуі – баршамызға ортақ міндет. Туған жердің дамуы тұрғындардың бірлігіне, белсенділігіне және ортақ іске деген жауапкершілігіне байланысты.

Менің ұстанымым – халықпен ашық диалог орнату, тұрғындардың пікіріне құлақ асу және елді мекендердің дамуына қатысты маңызды мәселелерді бірлесе талқылау. Өйткені әрбір азаматтың пікірі қоғам үшін маңызды.

Бірлік бар жерде – береке бар, ортақ мақсат бар жерде – даму бар!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Туған жерге қызмет ету – үлкен жауапкершілік. Ал халықтың сенімі – құрметпен қарауды және адал қызметті талап ететін құндылық.

Қоғамның дамуы әр адамның белсенділігіне, азаматтық ұстанымына және ортақ іске деген жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан тұрғындардың ой-пікірі мен қоғамдық сұраныстарға назар аудару ерекше маңызға ие.

Мен депутаттық қызметке халықпен байланыс орнату, азаматтардың үнін есту және ауданымыздың қоғамдық өміріне қатысты мәселелерді зерделеу тұрғысынан қараймын.

Мен үшін құр сөзден гөрі жауапты ұстаным, құрметке негізделген қарым-қатынас және ашық диалог маңызды. Әрбір азаматтың пікірі тыңдалуға, әрбір мәселе назарға алынуға лайық.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Адалдық. Әділдік. Ашықтық. Жауапкершілік. Халық мүддесіне құрмет.

Депутат пен тұрғындар арасындағы байланыс өзара сенімге негізделуі керек деп есептеймін. Сіздердің пікірлеріңізді тыңдауға, ұсыныстарыңызбен танысуға және қоғамдық мәселелерді талқылауға әрдайым дайынмын.

Сайлауға қатысыңыздар! Өз таңдауларыңызды саналы түрде жасаңыздар!

Мәліметпен бөлісу: