
САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМА
2026–2031 жылдарға арналған
«ӘДІЛЕТ» партиясынан Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
ЕСТІБАЕВ
МАРАТ ДӘУЛЕТҰЛЫ
№10 сайлау округі
Құрметті сайлаушылар!

Мен, Естібаев Марат Дәулетұлы, 1990 жылғы 13 шілдеде Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында дүниеге келдім.
2012 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша тәмамдадым.
2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ауданымызда білім саласында қызмет етіп келе жатырмын.
Көпжылдық еңбек жолымда білім беру салаларында тәжірибе жинақтадым.
Аудан тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелермен жұмыс істеу арқылы коммуналдық қызметтің сапасы, көшелер мен аулалардың тазалығы, инфрақұрылымның жағдайы және тұрғындардың өтініштеріне уақтылы жауап беру қаншалықты маңызды екенін түсіндім.
Ақсу ауданы мен Қызылағаш ауылының дамуы мен үшін маңызды. Ауылымыздың әрбір елді мекені сапалы жол, жарық көше, таза аула, жасыл желек және қолайлы қоғамдық кеңістіктер болуы тиіс.
Мен үшін басты мақсат – Өз ауылымды таза, қауіпсіз, көркейген және тұрғындарға қолайлы ауылға айналдыруға үлес қосу.
Құрметпен: Марат Естібаев
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ — АУЫЛДЫ ҚОЛДАУ
Қызылағаш су қоймасы маңындағы және егістік алқаптарына баратын арықтарды, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, су жеткізуді тұрақтандыру жұмыстарын бақылауға алу. Ауылдағы шағын шаруа қожалықтары мен жас кәсіпкерлерге «Ауыл аманаты» және басқа да мемлекеттік бағдарламалар арқылы жеңілдетілген несие алуға, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға қолдау көрсету. Шаруа қожалықтарын тұқым, жанар-жағармай және тыңайтқышпен қамтамасыз етуге, шағын шаруашылықтарды кооперацияға біріктіруге ықпал ету.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ
Халықты тұрақты жұмыспен қамту мақсатында 2026–2031 жылдар аралығында барлығы 450 жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал етемін.
3.БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ
Жансүгіров орта мектебінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, білім беру жағдайын жақсартуға және оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етемін.
4. СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ
Ауылдық елді мекендерде балалар мен жастарға арналған спорттық секциялар мен мәдени-шығармашылық үйірмелердің санын арттыруға ықпал ету. Ауылдарда жастардың қабілетін дамытуға арналған спорттық, мәдени және бос уақыт орталықтарының ашылуына жәрдемдесу. Қызылағаш ауылындағы мәдениет үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті шараларды атқару.
5. ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Ауыл тұрғындарының тұрғын үй мәселесін шешуге, баспанаға мұқтаж азаматтарды мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үймен қамтамасыз етуге, тұрғын үй кезегінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларға, жастарға қолдау көрсету мәселелерін тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеру. Сонымен қатар, ауылда тұрғын үй құрылысын дамытуға және жер учаскелерін беру мәселелерінің заңнамаға сәйкес шешілуіне ықпал ету.
6. ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ
Елді мекендердегі саябақ аумағын абаттандыру жұмыстарының мерзіміне сай аяқталуын қадағалау. Ақтоған ауылынан республикалық жолға дейінгі бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету. Түнгі жарық шамдарын орнату, қалыпты жұмыс істеуін жергілікті әкімдікпен бақылауда ұстау.
- АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Сапалы ауыз су мен қамтылыуын бақылауда ұстау, ескірген құбырларды ауыстыру және толықтай орталықтандырылған немесе тазартқыш құрылғылармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал ету.
8. ГАЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ
Өңірді газдандыру жоспарына сәйкес Қызылағаш, Ақтоған ауылын көгілдір отынмен қамту жұмыстарын бақылауда ұстау.
9. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Ауыл тұрғындарына сапалы, қол жетімді медициналық көмек көрсетуді, емдеу мекемелерінің материалдық – техникалық жағдайын назарда ұстау.
10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ
№10 сайлау учаскесіне қарасты көшелерде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізуге, қоғамдық орындардың көркін жақсартуға ықпал етемін.
Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!
Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!
Әрбір шешім – туған өлкенің игілігі үшін!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауданымыздың басты байлығы – оның адамдары, олардың еңбекқорлығы, жауапкершілігі және туған жерге деген сүйіспеншілігі.
Әрбір елді мекен назарға лайық, әрбір отбасы қолайлы өмір сүруге құқылы. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары және жастарға мүмкіндіктер құр уәде емес, шындыққа айналуы тиіс.
Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен депутаттық өкілеттігім шеңберінде оларды кезең-кезеңімен шешуге, мүдделеріңізді қорғауға және нақты нәтижеге қол жеткізуге дайынмын. Мен үшін әр міндеттеменің нақты іспен бекітілуі маңызды.
Бірге ауданымызды өмір сүруге, еңбек етуге және бала тәрбиелеуге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әр тұрғынға және әр ауылға әділ көзқарас. Еңбекті құрметтеу, сөз бен іске жауапкершілік. Ашықтық және халық мүддесін қорғауға дайын болу.
Сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізге әрдайым ашықпын. Әр адамды тыңдап, толғандырған мәселелерін зерделеуге және шешілуіне қол жеткізуге дайынмын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Дайындаған: «Айару» ЖК.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.
Таралымы: 800 дана
Тапсырыс беруші: Естібаев Марат Дәулетұлы
Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қорынан төленеді.
