2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына  кандидат БАЯНОВА САНДУҒАШ ЕСЕНКЕЛДІҚЫЗЫ №9 сайлау округі

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

2026–2031 жылдарға арналған

«ӘДІЛЕТ» партиясынан Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына  кандидат

БАЯНОВА

САНДУҒАШ ЕСЕНКЕЛДІҚЫЗЫ

№9 сайлау округі

2026–2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным

Құрметті сайлаушылар!

       Мен, Баянова Сандуғаш Есенкелдіқызы, 1975 жылғы 08 наурызда Алматы облысы  Ақсу ауданы Капал ауылында дүниеге келдім.                                      

2006 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, 2009ж Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы және  Биология пәнінің оқытушысы  мамандығы бойынша тәмамдадым.                                      

      Еңбек жолымды 1996  жылы Қапал ауылы, Ақсу ауданы, Алматы облысы, №9 Қапал кәсіптік-техникалық училищесінің өндірістік оқыту шебері, 2007 жылдан бүгінге дейін Қапал ауылы, Қапал кәсіптік-техникалық колледжі директорының оқу  тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.           

         Менің сайлауалды бағдарламам «ӘДІЛЕТ» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Бағдарламаның басты мақсаты – Ақсу ауданы мен Қапал ауылының тұрақты дамуына үлес қосу, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал ету.

         Туған жердің өркендеуі – баршамызға ортақ міндет. Ауылдың болашағы тұрғындардың бірлігіне, белсенділігіне және ортақ іске деген жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан мен үшін халықтың сенімін ақтау, ел игілігі жолында адал еңбек ету және туған өлкемнің дамуына үлес қосу – маңызды азаматтық міндет

Құрметпен, Сандуғаш Есенкелдіқызы

       2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ТАБИҒИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТУРИЗМДІ ӨРКЕНДЕТУ

    Тамшыбұлақ  табиғи ескерткішін абаттандыру, қорғау және заманауи экопаркке айналдыру жобасының жүзеге асуына қолдау көрсету.  Қапал өңірінің туристік тартымдылығын арттыру арқылы жергілікті кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету.

2. ЖОЛ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ

    Қапал ауылының ішкі көшелерін жөндеуге, көшелерді жарықтандыруға ықпал ету. Ауызсудың сапасы мен үздіксіз берілуін қамтамасыз ету, ескірген құбырларды жаңарту және ауылды газдандыру жұмыстарын жеделдету мәселелерін көтеру.  КӨШЕ АТАУЫН ЖАЗ

3. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ

Халықты тұрақты жұмыспен қамту мақсатында 2027–2031 жылдар аралығында, яғни бес жыл ішінде, жалпы 450 жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етемін.

 4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ШАРУАЛАРДЫ ҚОЛДАУ

    Қапал ауылындағы шаруалардың жеңілдетілген несие мен мемлекеттік субсидияларға қолжетімділігін арттыруға, суару жүйелері мен ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға ықпал ету. Кооперацияны дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, өңдеу және өткізу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін көтеру.

5. БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

    Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту, Қапал ауылындағы Ғ. Орманов атындағы орта мектепті ағымдағы жөндеуге қаражат бөлдіруге ықпал  ету. Жастардың сапалы білім алуына, кәсіби мамандық меңгеруіне, жұмыспен қамтылуына және әлеуметтік қолдау алуына мүмкіндік беретін бастамаларды қолдау.

6. СПОРТТЫ, МӘДЕНИЕТТІ ЖӘНЕ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ДАМЫТУ

    Балалар мен жастарға арналған спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелердің санын арттыруға ықпал ету. Балалар ойын алаңдарын жөндеу, спорттық инфрақұрылымды дамыту, бұқаралық спортты насихаттау және тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жағдай жасау.

7. ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

    Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың баспана мәселесін шешуге, тұрғын үй кезегінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге ықпал ету. Әлеуметтік осал отбасыларды қолдау және мұқтаж азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларға қолжетімділігін арттыру мәселелерін көтеру.

8. САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

    Қапал ауылдық ауруханасын орташа жөндеуден өткізуге, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал ету. Шалғай ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін жақсарту және «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы арқылы медицина мамандарын тарту мәселелерін қолдау.

9. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

    Ақсу ауданының ауылдық округтері мен шалғай елді мекендерінде ұялы байланыс сапасын жақсартуға және жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімділігін арттыруға ықпал ету. Тұрғындардың цифрлық қызметтерді еркін пайдалануына қолайлы жағдай жасау.

10. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛДЫ АБАТТАНДЫРУ

    Ауыл аумағын көгалдандыру, жасыл желекті көбейту, қоғамдық орындар мен демалыс аймақтарын абаттандыруға ықпал ету. Қалдықтарды жинау мен шығару мәселелерін ретке келтіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!

Бала болашағы – басты басымдық!

Әр шешім – ауылдың игілігі үшін!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Алдағы уақытта ауылдарымыздың өзекті мәселелерін шешуге, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеруге және елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімді қосуға күш саламын.

2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауда маған сенім білдірілген жағдайда, өз білімім мен тәжірибемді халық игілігіне жұмсап, тұрғындардың мүддесін қорғау жолында жүйелі жұмыс жүргізуге дайынмын.

Әрбір өтініш пен ұсыныс назардан тыс қалмай, көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстардың атқарылуына ықпал етемін. Сонымен қатар, сайлаушылармен тұрақты байланыс орнатып, жыл сайын атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы ашық есеп беруді маңызды міндетім деп санаймын.

Мен үшін басты мақсат – тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, ауылдарымыздың көркеюіне, жастарға қолайлы мүмкіндіктер қалыптастыруға және қоғамдық бастамаларды қолдауға үлес қосу.

Елдің дамуы – ортақ міндет, ал тұрғындардың сенімі – үлкен жауапкершілік. Бірлесе әрекет етіп, ашықтыққа, өзара сенімге және нақты іске негізделген ортақ мақсаттарымызды жүзеге асырайық!

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындаған: «Айару» ЖК.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.

Таралымы: 600 дана

Тапсырыс беруші: Баянова Сандуғаш Есенкелдіқызы                         

Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қорынан төленеді.

Мәліметпен бөлісу: