Қасымбекова Ләззат Қалмұхамбетқызы
1984 жылы 5 қаңтарда Алтынарық ауылында дүниеге келген. Қаракемер атындағы орта мектебін 9 сыныпқа дейін оқып, 10-11 сыныпты Жансүгіров ауылындағы Ж.Сыдықов атындағы орта мектепте бітірген. Білімі жоғары. Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі мамандығы бойынша және «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылдың наурыз айының 3-нен бастап аудандық «Ақсу өңірі» газетіне оператор болып қабылданып, абыройлы қызмет атқарып, арасында Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп – гимназиясында 2 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалім, «Талдықорған» газетінде оператор – тілші қызметтерін атқарды.
Сондай – ақ, 2016 жылдың наурыз айының 1-нен бастап аудандық «Ақсу өңірі» газетінде жауапты хатшы қызметіне көтерілді. Жазған мақалалары, очерктері оқырмандар көңілінен шығып, ел ықыласына бөленген. Әртүрлі аудандық, облыстық курстар, семинар, байқауларға қатысып, жүлделі орындар мен сертификаттарға ие болған.
Облыс әкімінің, облыстық «Нұр Отан» партиясының «Алғыс хаты», облыстық ішкі саясат департаментінің, аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.