
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
ЖАҚСЫЛЫҚОВ
ТАНАТ БАЛТАБЕКҰЛЫ
№5 сайлау округі
«Ауылдағы кәсіпкерлікті өркендетуге баса мән беру керек»
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев
Құрметті сайлаушылар!

Мен, Жақсылықов Танат Балтабекұлы, 1974 жылы 17 Желтоқсанда Талдықорған облысы, Ақсу ауданының Қаракөз совхозында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Жетісу облысы, Ақсу ауданының Қаракөз ауылында тұрамын. 2007 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алдым.Еңбек жолымды 2003 жылғы Сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жетісу облысы, Ақсу ауданының Қаракөз ауылындағы Б. Садырбайұлы атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеймін. Көпжылдық еңбек жолымда білім беру саласында тәжірибе жинақтадым.
Ауыл тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелермен жұмыс істеу арқылы коммуналдық қызметтің сапасы, көшелер мен аулалардың тазалығы, инфрақұрылымның жағдайы және тұрғындардың өтініштеріне уақтылы жауап беру қаншалықты маңызды екенін түсіндім.
Ауданымыздың дамуы мен үшін маңызды. Ауданымыздың әрбір ауылында сапалы жол, жарық көше, таза аула, жасыл желек және қолайлы қоғамдық кеңістіктер болуы тиіс.
Менің сайлауалды бағдарламам «ӘДІЛЕТ» партиясының құндылықтары мен бағдарламалық басымдықтарына негізделген. Негізгі назарымды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жақсартуға, экологиялық тазалықты қамтамасыз етуге, жол және көше инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ жергілікті басқарудың ашықтығын арттыруға аударамын.
Мен үшін басты мақсат – Сіздермен бірге ауданымызды одан да таза, қауіпсіз және өмір сүруге қолайлы ету.
Құрметпен, Жақсылықов Танат
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА
Оңалту қызметтерінің, әлеуметтік сүйемелдеудің және арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдаймын. Аға буын өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді қатысуына, «Күміс еріктілер» қозғалысын дамытуға, сондай-ақ 2027 жылдан бастап олардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және әлеуметтік қызметтерді қолайлы жағдайда алуына ықпал етемін.
2. ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ
Ақсу ауданындағы шағын бизнесті, қызмет көрсету мен өнім өңдеуді қолдаймын. 16–35 жас аралығындағы жастарды тұрақты жұмысқа орналастыруды 2027–2031 жылдардың әрқайсысында 455 адамнан қамтуға ықпал ету, кәсіби оқыту және жастар практикасы бойынша жоспарланған шаралардың нәтижесін талқылап, бақылауға ықпал етемін.
3. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ШАРУАЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Ақсу ауданындағы шаруалардың жеңілдетілген несие мен мемлекеттік субсидияларға қолжетімділігін арттыру, суару жүйелері мен ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту мәселелерін бақылау. Шаруаларды тұқым, жанар-жағармай және тыңайтқышпен қамтамасыз етуге, шағын шаруашылықтарды кооперацияға біріктіруге ықпал ету. Ауыл шаруашылығы өнімдерін Ақсу ауданының өзінде сақтау, өңдеу және өткізу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы шаруалардың табысын арттыруға және жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал ету.
4. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ
Ойтоған ауылындағы орта мектепке орташа жөндеу жұмысының жүргізуіне ықпал етемін. Жастардың техникалық мамандықтарды меңгеруіне, кәсіби білім алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына жағдай жасауға ықпал етемін.
5. СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ
Ауылдық елді мекендерде балалар мен жастарға арналған спорттық секциялар мен мәдени-шығармашылық үйірмелердің санын арттыруға ықпал ету. Жаңалық ауылында спорт және балалар алаңын орнатуғы ықпал ету. Жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен және шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау. Ауылдарда жастардың қабілетін дамытуға арналған спорттық, мәдени және бос уақыт орталықтарының ашылуына жәрдемдесу.
6. ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
№5 сайлау окрі бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды, тұрғын үй кезегінің ашық әрі әділ жүргізілуіне және әлеуметтік осал отбасылардың баспана мәселелерін шешуге ықпал ету
7. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Ақсу ауданындағы Ақсу–Ойтоған Ақсу — Қаракөз автожолына орташа жөндеу жүргізу жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуына ықпал етемін. Жаңалық ауылында көшелерді жарықтандыру жүйесін орнатуына қыпал етемін.
8. ЦИФРЛЫҚ МҮМКІНДІК ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ҚЫЗМЕТ
Тұрғындардың өтініштерін қабылдау, олардың қаралу барысын бақылау және нәтижесі туралы кері байланыс беру тетіктерін жетілдіруге ықпал етемін. Жастардың цифрлық сауаттылығын, бағдарламалау мен жасанды интеллект құралдарын меңгеру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жобаларды қолдаймын.
9. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Ауылдық аурухананы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал етуге, шалғай ауылдарда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және дәрігер тапшылығын жоюға, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында жас мамандарды ауылға тартуға жан-жақты қолдауға ықпал ету көрсету.
10. ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС ОРНАТУ
Депутаттық өкілеттігім шеңберінде тұрғындарды толғандырған мәселелерді тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеруге, олардың шешілуін бақылауға және атқарылған жұмыстар туралы халық алдында есеп беруге күш саламын.
Әрбір шешім – туған өлкенің игілігі үшін!
Әр шешімімнің артында – халық мүддесі!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауданымыздың басты байлығы – оның адамдары, олардың еңбекқорлығы, жауапкершілігі және туған жерге деген сүйіспеншілігі.
Әрбір елді мекен назарға лайық, әрбір отбасы қолайлы өмір сүруге құқылы. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары және жастарға мүмкіндіктер құр уәде емес, шындыққа айналуы тиіс.
Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен депутаттық өкілеттігім шеңберінде оларды кезең-кезеңімен шешуге, мүдделеріңізді қорғауға және нақты нәтижеге қол жеткізуге дайынмын. Мен үшін әр міндеттеменің нақты іспен бекітілуі маңызды.
Бірге ауданымызды өмір сүруге, еңбек етуге және бала тәрбиелеуге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әр тұрғынға және әр ауылға әділ көзқарас. Еңбекті құрметтеу, сөз бен іске жауапкершілік. Ашықтық және халық мүддесін қорғауға дайын болу.
Сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізге әрдайым ашықпын. Әр адамды тыңдап, толғандырған мәселелерін зерделеуге және шешілуіне қол жеткізуге дайынмын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Дайындаған: «Айару» ЖК.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.
Таралымы: 800 дана
Тапсырыс беруші: Жақсылықов Танат Балтабекұлы
Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қорынан төленеді.
