2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына  кандидат ШЫНДӘУЛЕТ МАҒЖАН МАҚСАТҰЛЫ №4 сайлау округі

САЙЛАУАЛДЫ

БАҒДАРЛАМА

2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына  кандидат

ШЫНДӘУЛЕТ

МАҒЖАН МАҚСАТҰЛЫ

№4 сайлау округі

                  Құрметті сайлаушылар!

      Мен, Шындәулет Мағжан Мақсатұлы, 1997 жылғы 11 қаңтарда Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров кентінде дүниеге келдім. 2014 жылы Н. Есеболатов атындағы орта мектепті бітірдім. 2014–2018 жылдары                     І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша білім алдым.

Еңбек жолымды журналистика саласында бастап, қазіргі уақытта Ақсу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарамын. Еңбек барысында халықпен байланыс орнатудың, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, өзекті мәселелерін назарға алудың маңыздылығын түсіндім.

        Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ел сенімін ақтап, халықтың талап-тілегін ескеруді және ауылдарымыздың                                            әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды басты мақсатым деп санаймын. Мен үшін депутаттық қызмет – халық пен билік арасындағы байланысты нығайту, тұрғындардың өзекті мәселелерін тиісті органдарға жеткізу және олардың заң аясында шешілуіне ықпал ету. Осы мақсатта Мемлекет басшысының тапсырмаларында айқындалған басым бағыттарды іске асыруға, Сайлауалды бағдарламаның жүзеге асыруға атсалысамын. № 4 сайлау округіне қарасты         Н. Есеболатов және Қарасу ауылдық округтерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауыл инфрақұрылымын жақсартуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және жастарға қолайлы мүмкіндіктер жасауға бағытталған жұмыстарға күш саламын.

      Депутаттық өкілеттігім аясында тұрғындарды толғандырған мәселелерді тиісті мемлекеттік органдар алдында көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етуге, атқарылған жұмыстардың нәтижесін бақылауға және халық алдында есеп беруге күш саламын.

       Менің басты мақсатым – ауылымның көркеюіне үлес қосу, тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыру және ауылдың тұрақты дамуына ықпал ету.

Құрметпен,Шындаулет Мағжан Мақсатұлы

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1.АУЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
№4 сайлау округіне қарасты елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға ықпал ету; Есеболатов ауылын абаттандыру, ауылдық елді мекендерді табиғи газға кезең-кезеңімен қосу және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау.

2. БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫН ҚОЛДАУ

    Кеңжыра орта мектебіне, Қарасу негізгі мектебіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету; білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды тиісті мекемелерге жолдау; балалардың сапалы әрі қауіпсіз білім алуына қолайлы жағдай жасау мәселелерін назарда ұстау.

3. БАЛАЛАР СПОРТ АЛАҢДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ

    Н. Есеболатов және Қарасу ауылдық округтерінің балалар және спорт алаңына  жөндеу жүргізуіне ықпал ету; балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз әрі қолайлы ортада спортпен шұғылдануына жағдай жасауға атсалысу;

бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау; балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай қалыптастыруға ықпал ету.

4. БАЙЛАНЫС ИНФРАҚҰРЛЫМЫН ДАМЫТУ

    Ауыл тұрғындарын сапалы мобильді байланыспен қамтуға және байланыс сапасын жақсартуға ықпал ету; сонымен қатар Тарас ауылында антенна-матчта орнатылуын назарға алу. Ауылдық елді мекендерде интернет пен цифрлық қызметтерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған қызмет сапасын бақылау;     

5.ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ

    Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына және әлеуметтік қолдау шараларына қолжетімділігін арттыруға атсалысу; ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған бастамалар мен жобаларды қолдау;

6. ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АШЫҚТЫҚ

    Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын қарастырып, мәселелерді тиісті органдармен бірлесіп шешу; сайлаушылармен тұрақты кездесіп, талап-тілектерін назарға алу; өзекті мәселелерді аудандық мәслихатта көтеріп, шешілуіне ықпал ету және атқарылған жұмыстар туралы халықты хабардар ету.

7. БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ТИМДІ ПАЙДАЛАНУЫ

    Мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын депутаттық бақылау; ауылдардың дамуына бағытталған жобалардың сапалы әрі уақтылы орындалуына назарда ұстау;

8. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

    «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 2027 жылы 9 жобаға жеңілдетілген несие алуға ықпал ету, шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсетуді және ауыл шаруашылығын дамытуды қолдау. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және заманауи технологияларды енгізуге ықпал етемін. Шаруалардың өнім өткізуіне, суармалы суға қолжетімділігіне, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын жақсартуға қатысты мәселелердің шешілуін назарда ұстаймын.

9. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

    Ауылдық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, дәрігерлер мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары арқылы медицина мамандарын тартуды қолдау.

10.  ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ

    2026–2030 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобаның жүзеге асуына ықпал ету және осы жобалар аясында  жаңа жұмыс орнының құрылуын бақылау. Жергілікті тұрғындарды, әсіресе жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға және ауылдық жерлерде жаңа өндіріс орындарының ашылуына жәрдемдесу.

Сенім. Жауапкершілік. Нәтиже!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ақсу ауданының өркендеуі мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру – ортақ мақсатымыз. Бұл мақсатқа әрбір азаматтың пікірі ескеріліп, халық пен билік арасындағы байланыс нығайып, өзекті мәселелер нақты шешімін тапқан жағдайда ғана қол жеткіземіз.

Менің басты ұстанымым – халықтың үнін жеткізу, тұрғындардың мүддесін қорғау және ауылдардың дамуына ықпал ету. Осы бағытта тұрғындардың ұсыныстары мен талаптарын тиісті деңгейде көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етуге күш саламын.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ауылдардың өзекті мәселелеріне назар аудару, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына бақылауды күшейту және тұрғындармен тұрақты ашық диалог орнату маңызды деп санаймын.

Бір мақсат – ел игілігі! Бір міндет – халық сенімін ақтау!

Дайындаған: «Айару» ЖК.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.

Таралымы: 600 дана

Таралымы 600 дана.                       

 Тапсырыс беруші: Шындәулет Мағжан Мақсатұлы
Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қорынан  төленді.

Мәліметпен бөлісу: