2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына  кандидат НҰРАХМЕТОВ МАДИЯР БЕКҚАЙЫРҰЛЫ №3 сайлау округі

САЙЛАУАЛДЫ

БАҒДАРЛАМА

2026–2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына  кандидат

НҰРАХМЕТОВ

МАДИЯР БЕКҚАЙЫРҰЛЫ

№3 сайлау округі

2026–2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным

Құрметті сайлаушылар!

    Мен, Нұрахметов Мадияр Бекқайырұлы, 1987 жылы Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында тұрамын. 2009 жылы Жетісу мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алдым. Еңбек жолымды 2012 жылдан бастап Ақсу ауданының «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінде бас маман болып жұмыс істедім.2013 жылдан бастап Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде жетекші маман болып қызмет атқардым. 2017 жылдан бастап Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман болып қызмет атқардым. 2023 жылы Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде бас маман болып қызмет атқардым. 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақсу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін. Көпжылдық еңбек жолымда мемлекеттік басқару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қаланы абаттандыру салаларында тәжірибе жинақтадым. Аудан тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелермен жұмыс істеу арқылы коммуналдық қызметтің сапасы, көшелер мен аулалардың тазалығы, инфрақұрылымның жағдайы және тұрғындардың өтініштеріне уақтылы жауап беру қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Ақсу ауданының дамуы мен үшін маңызды. Ауданымыздың әрбір ауылында сапалы жол, жарық көше, таза аула, жасыл желек және қолайлы қоғамдық кеңістіктер болуы тиіс.

                                                                  Құрметпен, Нұрахметов Мадияр

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

1. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ

    Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, балалар ойын алаңдарын жаңарту және ортақ мүлікті күтіп ұстау мәселелерін шешуге атсалысамын. Апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерге қатысты мәселелерді тиісті органдармен бірлесіп қарастырып, тұрғындардың қауіпсіз баспанаға қол жеткізуіне бағытталған шараларды қолдау.

2. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН  ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ

    Ақсу ауданындағы шаруалардың жеңілдетілген несие мен мемлекеттік субсидияларға қолжетімділігін арттыру; Суару жүйелері мен ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту мәселелерін шешуге ықпал ету. Шаруаларды тұқым, жанар-жағармай және тыңайтқышпен қамтамасыз етуге, шағын шаруашылықтарды кооперацияға біріктіруге ықпал ету. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету. Жергілікті кәсіпкерлерді аудандық жобаларға тарту, кәсіп бастаған азаматтарға құжат рәсімдеу және рұқсат алу мәселелері бойынша тәжірибелік көмек көрсету.

3. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

    Балалар мен жастардың спортпен тұрақты айналысуы үшін спорт алаңдарын көбейту, сонымен қатар қолданыстағы алаңдарды жөндеу және спорт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бастамаларды қолдау. Ауылдық балалардың сапалы білім мен қосымша білім беру мүмкіндіктеріне тең қол жеткізуіне бағытталған жобаларды қолдау, NEET санатындағы жастардың жұмыспен қамтылуына барынша ықпал ету.

4. СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ

    Ауылдық елді мекендерде балалар мен жастарға арналған спорттық секциялар мен мәдени-шығармашылық үйірмелердің санын арттыруға ықпал ету. Жансүгіров ауылындағы саябақты реконструкциялау және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге ықпал ету;  Жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен және шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау. Ауылдарда жастардың қабілетін дамытуға арналған спорттық, мәдени және бос уақыт орталықтарының ашылуына жәрдемдесу.

5. ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

    Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында жалға берілетін тұрғын үйлердің салынуына, инженерлік-коммуникациялық желілердің тартылуына және аумақтың абаттандырылуына ықпал ету. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, тұрғын үй кезегінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ әлеуметтік осал отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу бағытында тиісті жұмыстардың жүргізілуіне ықпал ету.

6. ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

    Жансүгіров ауылындағы Кәлилаханов, Сәтбаев, Бұланов, Кедесов, Момышұлы, Ангалов, Нұртасов, Жандосов және Сихимов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын бақылауда ұстау. Жансүгіров ауылындағы көшелерді жарықтандыру жүйесін қайта жаңғырту және салынуына ықрал ету; сонымен қатар Газ жеткізуші газ құбырын және газ тарату желілерін салынуын қамтамасыз ету:

7. АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

    Ақсу ауданындағы барлық елді мекеннің орталықтандырылған ауызсу жүйелерінің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуін бақылауда ұстау. Тозығы жеткен су құбырларын жөндеу және жаңарту, ауызсудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету, тұрғындардың сумен жабдықтауға қатысты мәселелерін назарда ұстау.  

8. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ

    Кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімді болуына ықпал ету. Қызмет көрсету, сауда, өндіріс және өнім өңдеу салаларындағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау. Мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары туралы ақпараттандыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті кәсіпкерлердің әлеуетін арттыруға ықпал ету.

9. ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА

    Аудандық аурухананың жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлер мен шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын қоса алғанда, мемлекеттік қолдау шаралары арқылы медицина мамандарын тартуды қолдау.

10. САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

    Жансүгіров ауылы тұрғындарын сапалы әрі тұрақты интернетпен және ұялы байланыспен қамтамасыз етуге ықпал ету. Байланыс сапасын жақсарту, интернет желісінің қамту аясын кеңейту.

Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!

Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!

Әрбір шешім – туған өлкенің игілігі үшін!

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ауданымыздың басты байлығы – оның адамдары, олардың еңбекқорлығы, жауапкершілігі және туған жерге деген сүйіспеншілігі.

Әрбір елді мекен назарға лайық, әрбір отбасы қолайлы өмір сүруге құқылы. Сапалы жолдар, қолжетімді әлеуметтік қызметтер, жұмыс орындары және жастарға мүмкіндіктер құр уәде емес, шындыққа айналуы тиіс.

Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес екенін түсінемін. Дегенмен депутаттық өкілеттігім шеңберінде оларды кезең-кезеңімен шешуге, мүдделеріңізді қорғауға және нақты нәтижеге қол жеткізуге дайынмын. Мен үшін әр міндеттеменің нақты іспен бекітілуі маңызды.

Бірге ауданымызды өмір сүруге, еңбек етуге және бала тәрбиелеуге қолайлы мекенге айналдыра аламыз!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Әр тұрғынға және әр ауылға әділ көзқарас. Еңбекті құрметтеу, сөз бен іске жауапкершілік. Ашықтық және халық мүддесін қорғауға дайын болу.

Сіздердің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізге әрдайым ашықпын. Әр адамды тыңдап, толғандырған мәселелерін зерделеуге және шешілуіне қол жеткізуге дайынмын.

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Дайындаған: «Айару» ЖК.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй.

Таралымы: 600 дана

Тапсырыс беруші: Нұрахметов Мадияр Бекқайырұлы                  

Ақсу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қорынан төленеді.

Мәліметпен бөлісу: