
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026–2031 жылдарға арналған
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан кандидат
Нұрмекенов
Дәурен Нұрмекенұлы
№1 бірмандатты сайлау учаскесі
Ақсу ауданының дамуы – нақты іспен,
ашық есеппен және жауапкершілікпен өлшенеді.2026–2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным
Құрметті сайлаушылар!

Мен, Нұрмекенов Дәурен Нұрмекенұлы Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Сағабүйен ауылында дүниеге келдім.
Т. Тоқтаров атындағы орта мектебін Тәмамдадым.
Еңбек жолымды қарапайым жұмысшы болып бастадым. кеңшарда әртүрлі қызметтер атқаррдым.
1999 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына ауысып, «А-Елдос» шаруа қожалығын құрдым. Қазіргі уақытқа дейін аталған шаруа қожалығының төрағасы қызметін атқарып келемін.
Сағабүйен ауылында туып, ауыл өмірінің ерекшелігін және ауыл тұрғындарының сұранысын жақсы түсінемін. Ақсу ауданында инфрақұрылымды жақсарту, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын қолдау маңызды деп санаймын.
Ауылдың болашағы – тұрақты жұмыс орындары, табысты шаруашылықтар, сапалы білім мен медицина және қолайлы өмір сүру ортасы. Осы бағыттардағы бастамаларды қолдауға күш саламын.
Бұл бағдарламада «Әділет» партиясының ұстанымдары мен ауданның даму құжаттарында көрсетілген бағыттар ескерілді. Нақты жобалардың іске асуын депутаттық бақылауға алып, тұрғындар көтерген мәселелердің тиісті жоспарлар мен бюджетке енгізілуіне ықпал етемін.
Міндетім – мәселені айту ғана емес, оның шешілуіне ықпал ету. Тұрғындармен тұрақты байланыс, ашық есеп және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау – жұмысымның басты өлшемі.
Ең үлкен баға – халықтың сенімі. Ең маңызды нәтиже – Ақсу ауданында тұрғындарының өміріндегі оң өзгеріс.
Құрметпен, Нұрмекенов Дәурен
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР
Ауылдардың дамуы – ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен табысын арттырудан басталады!
2. ӨРКЕНДІ АУЫЛ – МЫҚТЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Шаруаларға қажетті ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-саймандарының қолжетімділігін арттыру бастамаларын басты назарда ұсталыуына ықпал етемін.
Елді мекен ішіндегі және шаруашылықтарға апаратын жолдарды жөндеп, инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін табанды түрде көтеремін. Тұрмыстық игіліктер: Сапалы электр қуаты, таза ауызсу және үздіксіз байланыс – әрбір ауыл тұрғыны үшін қолжетімді болуы тиіс. Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға арналған жаңа инженерлік ұсыныстар енгіземін.
3. СЕНІМДІ ЖАСТАР – БІЛІМДІ АУЫЛ
Жастардың заманауи техникалық мамандықтарды меңгеріп, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті сарапшы болуына толық жағдай жасалуына ықпал етемін.
Түйткілді мәселелерді құзырлы мекемелермен бірлесе отырып, нақты әрі нәтижелі шешуді көздеймін.
4. БАЛАНЫҢ БАҒЫ – СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Балалар мен жастарға арналған спорттық және шығармашылық секциялар желісін кеңейтуге, орталық саябақты толық реконструкциялап, заманауй демалыс аймағына айналдыруға ықпал етемін. Жастардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуі үшін арнайы мәдени-спорттық орталықтардың ашылуына ықпал ету.
5. ӘДІЛДІК ЖӘНЕ БАСПАНА
Ақсу ауданында тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың баспаналы болуын қамтамасыз етемін. Тұрғын үй кезегінің әділ, ашық әрі мөлдір жүргізілуін қатаң бақылаймын. Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың баспана мәселесін бірінші кезекте шешуге атсалысамын.
6. ЖАНСҮГІРОВ АУЫЛЫН АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ГАЗДАНДЫРУ
Ақсу ауданыны және аулдарындағы көшелерді орташа жөндеу жұмыстарының сапасын және уақытылы аяқталуын жеке бақылауымда ұстаймын. Көшелерді заманауи жарықтандыру жүйесін қайта жаңғыртуға және магистральды газ құбыры мен тарату желілерінің құрылысын толық қамтамасыз етілуне ықпал етемін.
7. БИЗНЕСКЕ ӨРЛЕУ – ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК
Мемлекеттік қолдау бағдарламаларын әрбір кәсіпкерге түсінікті әрі қолжетімді болуына ықпал етемін. Сауда, өндіріс, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге ықпал етемін.
8. САПАЛЫ МЕДИЦИНА – ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫ
Аудандық аурухананың материалық-техникалық базасын жаңартып, бейінді дәрігерлер тапшылығын азайтуга, шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы арқылы жас әрі білікті медицина мамандарын ауданымызға тартуды қолдаймын.
9. ЗАМАНАУИ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ЖЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТ
Ақсу ауданының барлық ауылдық округтері мен шалғай елді мекендерінде сапалы ұялы байланыс пен жылдам интернет желісінің болуын қамтамасыз етуге ықпал етемін.
10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында ауылдардың тазалығын сақтауға, көшелерді көгалдандыруға, қоғамдық орындарды абаттандыруға және тұрмыстық қалдықтарды жинау мен шығару мәселелерін шешуге ықпал ету. Тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға назар аудару.
Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ақсу ауданы – Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып отырған маңызды өңірлердің бірі. Ауданның өркендеуі ауыл шаруашылығының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, кәсіпкерліктің қолдау табуына және тұрғындардың тұрмыс сапасының артуына тікелей байланысты.
Мен, Нұрмекенов Дәурен, ауыл шаруашылығы мен агробизнес саласында мол тәжірибе жинақтаған маман ретінде ауылдардың әлеуетін тиімді пайдалануға, фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдауға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға ерекше мән беремін.
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде Ақсу ауданының өзекті мәселелерін көтеріп, ауыл шаруашылығын дамытуға, инфрақұрылымды жақсартуға, сапалы білім мен медицинаның қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған бастамаларды қолдауды мақсат етемін.
Мен үшін депутаттық қызметтің басты міндеті – халықтың талап-тілегін жеткізу ғана емес, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету, жоспарланған жобалардың орындалуын бақылау және тұрғындармен тұрақты байланыста болу.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әділет – әр тұрғынға тең мүмкіндік. Адалдық – әр шешімнің негізі. Ашықтық – әр істің өлшемі. Халық сенімі – ең үлкен жауапкершілік.
Әр тұрғынның үнін естіп, көтерілген мәселенің шешілуіне ықпал ету – менің берік ұстанымым.
Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!
Дайындаған: «Айару» ЖК
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй
Таралымы:1000 дана.
Тапсырыс беруші: Нұрмекенов Дәурен Нұрмекенұлы.
Қаражат кандидаттың Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді
