
САЙЛАУАЛДЫ
БАҒДАРЛАМА
2026–2031 жылдарға арналған
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына «ӘДІЛЕТ» партиясынан кандидат
Тлеубаев
Куаныш Масимханұлы
№1 бірмандатты сайлау учаскесі
Ақсу ауданының дамуы – нақты іспен,
ашық есеппен және жауапкершілікпен өлшенеді.
2026–2031 жылдарға арналған негізгі ұстаным
Құрметті сайлаушылар!

Мен Тлеубаев Куаныш Масимханұлы 1966 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров кентінде дүниеге келдім.Қазіргі уақытта Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында тұрамын. 1999 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Инженер» мамандығы бойынша тәмамдадым. 1989–1995 жылдары Ақсу қант зауытының қызылша өңдеу цехында 2-разрядты слесарь болып жұмыс істедім. 1995–2000 жылдары Ақсу аудандық әскери комиссариатында жүргізуші қызметін атқардым. 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде жұмыс істеймін. Ақсу ауданында инфрақұрылымды жақсарту, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын қолдау маңызды деп санаймын. Ауылдың болашағы – тұрақты жұмыс орындары, табысты шаруашылықтар, сапалы білім мен медицина және қолайлы өмір сүру ортасы. Осы бағыттардағы бастамаларды қолдауға күш саламын. Бұл бағдарламада «Әділет» партиясының ұстанымдары мен ауданның даму құжаттарында көрсетілген бағыттар ескерілді. Нақты жобалардың іске асуын депутаттық бақылауға алып, тұрғындар көтерген мәселелердің тиісті жоспарлар мен бюджетке енгізілуіне ықпал етемін. Міндетім – мәселені айту ғана емес, оның шешілуіне ықпал ету. Тұрғындармен тұрақты байланыс, ашық есеп және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау – жұмысымның басты өлшемі. Ең үлкен баға – халықтың сенімі. Ең маңызды нәтиже – Ақсу ауданында тұрғындарының өміріндегі оң өзгеріс.
Құрметпен, Тлеубаев Куаныш
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР
1. ЖОЛДАР ЖӘНЕ КӨЛІК Ақсу ауданы мен ауылдарындағы көшелер мен жол учаскелеріне орташа жөндеу жүргізілуіне ықпал етемін. Жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайын жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізуге басымдық беремін.
Ауылдардың дамуы – ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен табысын арттырудан басталады!
2. ӨРКЕНДІ АУЫЛ – МЫҚТЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Шаруалар үшін қажетті ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарының қолжетімділігін арттыру жөніндегі бастамаларды басты назарда ұстаймын. Елді мекен ішілік және шаруа қожалықтарына апаратын жолдарды жөндеу, инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін табанды түрде көтеремін. Сапалы электр қуаты, таза ауыз су және үздіксіз байланыс сынды тұрмыстық игіліктердің әрбір ауыл тұрғынына қолжетімді болуына қол жеткіземін. Ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталған жаңа инженерлік шешімдерді енгізуге ықпал етемін.
3. СЕНІМДІ ЖАСТАР – БІЛІМДІ АУЫЛ
Жастардың заманауи техникалық мамандықтарды меңгеріп, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болуына барлық жағдай жасалуына ықпал етемін. Өзекті мәселелерді құзыретті мекемелермен бірлесіп, нақты әрі нәтижелі шешуді көздеймін.
4. БАЛАНЫҢ БАҒЫ – СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Балалар мен жастарға арналған спорттық және шығармашылық секциялар желісін кеңейтуге, орталық саябақты толық қайта жаңартып, заманауи демалыс аймағына айналдыруға ықпал етемін. Жастардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуі үшін арнайы мәдени-спорттық орталықтар ашуға атсалысамын.
5. ӘДІЛДІК ЖӘНЕ БАСПАНА
Ақсу ауданында тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың баспаналы болуын қамтамасыз етуге күш саламын. Тұрғын үй кезегінің әділ, ашық әрі жария түрде жүргізілуін қатаң бақылауға аламын. Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың баспана мәселесін бірінші кезекте шешуге ықпал етемін.
6. ЖАНСҮГІРОВ АУЫЛЫН АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ГАЗДАНДЫРУ
Ақсу ауданы және ауылдарындағы көшелерді орташа жөндеу жұмыстарының сапасын және уақытылы аяқталуын жеке бақылауыма аламын. Көшелерді жарықтандыру жүйесін заманауи үлгіде қайта жаңғыртуға, магистральды газ құбыры мен тарату желілерінің құрылысын толық қамтамасыз етуге ықпал етемін.
7. БИЗНЕСКЕ ӨРЛЕУ – ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК
Мемлекеттік қолдау бағдарламаларының әрбір кәсіпкерге түсінікті әрі қолжетімді болуына ықпал етемін. Сауда, өндіріс, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларындағы бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетемін.
8. САПАЛЫ МЕДИЦИНА – ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫ
Аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасын жаңартуға, бейінді дәрігерлер тапшылығын азайтуға, шалғай ауылдардағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етемін. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы арқылы жас әрі білікті медицина мамандарын ауданымызға тартуды қолдаймын.
9. ЗАМАНАУИ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ИНТЕРНЕТ
Ақсу ауданының барлық ауылдық округтері мен шалғай елді мекендерінде сапалы ұялы байланыс пен жоғары жылдамдықты интернеттің болуын қамтамасыз етуге ықпал етемін.
Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ақсу ауданы – Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып отырған маңызды өңірлердің бірі. Ауданның өркендеуі ауыл шаруашылығының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, кәсіпкерліктің қолдау табуына және тұрғындардың тұрмыс сапасының артуына тікелей байланысты.
Мен, Тлеубаев Куаныш Масимханұлы, ауыл шаруашылығы мен агробизнес саласында мол тәжірибе жинақтаған маман ретінде ауылдардың әлеуетін тиімді пайдалануға, фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдауға және ауыл тұрғындарының табысын арттыруға ерекше мән беремін.
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде Ақсу ауданының өзекті мәселелерін көтеріп, ауыл шаруашылығын дамытуға, инфрақұрылымды жақсартуға, сапалы білім мен медицинаның қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған бастамаларды қолдауды мақсат етемін.
Мен үшін депутаттық қызметтің басты міндеті – халықтың талап-тілегін жеткізу ғана емес, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету, жоспарланған жобалардың орындалуын бақылау және тұрғындармен тұрақты байланыста болу.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әділет – әр тұрғынға тең мүмкіндік. Адалдық – әр шешімнің негізі. Ашықтық – әр істің өлшемі. Халық сенімі – ең үлкен жауапкершілік.
Әр тұрғынның үнін естіп, көтерілген мәселенің шешілуіне ықпал ету – менің берік ұстанымым.
Әділетті шешім! Ашық жұмыс! Нақты нәтиже!
Дайындаған: «Айару» ЖК
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жібек жолы көшесі, 34-үй
Таралымы:1000 дана.
Тапсырыс беруші Тлеубаев Куаныш Масимханұлы.
Қаражат кандидаттың Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына үміткердің сайлау қорынан төленді
