Нұрлы көктемнің сырлы мерекесі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №173 Жарлығына сәйкес 1 наурызда елімізде Алғыс айту күні аталып өтетіні баршаға аян.

Аталмыш мереке қарсаңында Жансүгіров ауылының батыс жақ кіре берісіне орналасқан ту алаңында «Алғыс айту күні!» аталып өтті. Шара басы аудан әкімі Есім Сейілханұлының аудан тұрғындарын Алғыс айту күнімен құттықтауымен басталды. Содан соң шараның құрметті қонағы, облыстық ардагерлер, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ермек Келімсейіт ағамыз сөз алып, аудан жұртшылығына деген ыстық ықыласын білдірсе, Жансүгіров ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлаубек Алдабергенов мерекенің құтықтау сөзін жалғастырды. Сондай – ақ, Ж.Сыдықов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Шкунова Виктория жиналған жұртшылықты мерекелерімен құттықтап, өз алғысын білдірді. Шараның соңы «Қобызшы Молықбай» атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Өз тілшімізден

Мәліметпен бөлісу: