Қазіргі уақытта Жетісу облысы бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 458 кандидат тіркелді, оның ішінде:
- 48 кандидат – 16 округ бойынша облыстық мәслихатқа;
- 87 кандидат – 33 округ бойынша қалалық мәслихаттарға;
— 323 кандидат – 112 округ бойынша аудандық мәслихаттарға.
27 кандидат ұсынудан кейін өз кандидатураларын қайтарып алды, ал 2 кандидат тіркелгеннен кейін кандидатураларын қайтарып алды.
153 кандидат тіркеу үшін көзделген барлық құжаттарды, оның ішінде сайлау жарнасын төлеу туралы құжатты ұсынбаған.
Орта есеппен бір мандатқа 3,02 кандидаттан келеді.
Партиялық тізімдер бойынша:
Облыстық мәслихатқа 6 саяси партия құрамында жалпы саны 48 адам бар партиялық тізімдерін ұсынды («Ақ жол», «Ауыл», «Әділет», Жалпыұлттық социал-демократиялық партия», «Қазақстан халық партиясы», «Respublica»).
Партиялық тізімдердегі әйелдер мен жастардың жиынтық үлесі бойынша белгіленген талаптар сақталған. Нәтижесінде барлық 6 саяси партияның партиялық тізімдері тіркелді.
Ұсынудан кейін партиялық тізімдерін қайтарып алған саяси партиялар жоқ. Орта есеппен бір мандатқа
3 кандидаттан келеді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында орналастырылды.
Барлық іс-шаралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның және Күнтізбелік жоспардың талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.
Дереккөз: Жетісу облысының аумақтық сайлау комиссиясы
