«Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 1941-1945 жылдары ерлігі еленбеген белгісіз себептермен батыр атағы берілмеген Қаракөз ауылының мақтанышы Бабиков Оразиман атамыздың ұрпақтарымен кездесу өткізілді. «Ақсу өңірі» №41 басылымында жарияланған деректерге толықтырулар жинақталды.Тарихи бабамызды көпке насихаттауға барымызды салып өнегесін танытуға, рухын асқақтатуға атсалысу біздің парызымыз. Ауылымыздың ержүрек батырына деген құрметімізді көрсету арқылы біз болашағымызды отансүйгіштікке үйретеміз. Үлкен ерлік жүгін көтерген атамыз туралы архивтерден табылатын құнды құжаттар мен жаңа деректерді ұрпақтары мен туыстары қолында сақталған ағамыз қолданған, тұтынған заттарды жинастырып мектептен үлкен бұрыш ашылып, ауылымыздан әдемі ескерткіш – туған жерінен бастау алса үлкен мақтаныш. Ол ауылға, ауданға да абырой болатын іс. Осы мақсатта жұмыстар атқарылуына атсалысу әрқайсымыздың борышымыз. Батыр атамыз осы еліміздің сақталуына медеткер болғанда біз оның еңбегінің елеусіз қалмауына себепкер болайық.
Е.ҚАСЫМБАЕВ, Қаракөз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, «Қаракөз» БПҰ-ның хатшысы.