Пошта және курьерлік қызметтер көлемі 1,1%-ға өсті

2026 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда көрсетілген пошта және курьерлік қызметтердің көлемі 57,2 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға өсті. Оның ішінде 13,4 млрд теңге халыққа көрсетілген қызметтерге тиесілі.

Өңірлер бөлінісінде пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына – 58,7%, Астана қаласына – 13,2% және Қарағанды облысына – 3,2% тиесілі.

Ауылдық жерлерде есепті мерзімде көрсетілген қызметтердің көлемі 2,0 млрд теңгені құрады.

Пошта және курьерлік қызметтердің ең жоғары көлемі Алматы қаласында тіркелді – 33,6 млрд теңге. Одан кейін Астана қаласы – 7,6 млрд теңге және Қарағанды облысы – 1,8 млрд теңге.

Пошта және курьерлік қызметтердің негізгі түрлеріне пошта және арнайы жөнелтілімдерді, оның ішінде сәлемдемелерді, бандерольдерді және хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ курьерлік жеткізу қызметтері жатады.

Пошта және курьерлік қызметтер көлемі

млн. теңге

Пошта және курьерлік қызметтер көлемі, 2026 жылғы қаңтар-тамызОның ішіндеПошта және курьерлік қызметтер көлемі, 2025 жылғы қаңтар–тамызоның ішінде
халыққа көрсетілген қызметтерхалыққа көрсетілген қызметтер
Қазақстан Республикасы57204,113421,156578,113555,7
Абай464,6223,1468,1242,6
Ақмола823,5273,1905,0336,4
Ақтөбе1 248,4543,91 158,5483,4
Алматы1 428,6531,7865,1378,3
Атырау634,5347,5696,2289,3
Батыс Қазақстан752,3336,0804,1373,7
Жамбыл937,3680,3852,2599,2
Жетісу596,9180,5484,8167,7
Қарағанды1 817,61 051,01 917,61 073,7
Қостанай1 148,6613,11 251,4670,2
Қызылорда745,393,5577,593,2
Маңғыстау690,8274,1737,8290,1
Павлодар876,5295,9951,0342,0
Солтүстік Қазақстан794,6367,2870,1358,8
Түркістан971,8445,7778,0371,0
Ұлытау126,925,4114,126,6
Шығыс Қазақстан1 065,7475,11 100,6460,2
Астана қаласы7 563,71 598,27 742,31 543,3
Алматы қаласы33 591,04 680,933 331,15 091,3
Шымкент қаласы925,4385,5972,6364,9

Мәліметпен бөлісу: