1 . «Үлкендердің батасы» рәсімі

2026 жылғы 7 қыркүйекте Отбасы күніне арналған апталық аясында ұрпақтар сабақтастығын нығайту, үлкендерге құрмет көрсету және отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Үлкендердің батасы» рәсімі ұйымдастырылды.
Шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы А. Айтбаев, Отбасын қолдау орталығының құрылымдық бөлімше басшысы Н. Қасымбеков және орталықтың жас мамандары қатысты. Қатысушылар Жансүгіров ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Ақсу ауданының құрметті азаматы», ардагер құрылысшы Т. Қожахметовтың шаңырағына барып, ақ батасын алды.
Шара барысында отбасылық құндылықтар, үлкенге құрмет және ұрпақтар сабақтастығы жөнінде тағылымды әңгіме өрбіді.
2. «Smart Family» командалық интеллектуалды ойыны

2026 жылғы 7 қыркүйекте Отбасы күніне орай Ж. Сыдықов атындағы орта мектебінде оқушылар арасында «Smart Family» командалық интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
Ойын барысында оқушылар отбасы құндылықтарына қатысты сұрақтарға жауап беріп, логикалық тапсырмаларды орындап, білімдері мен тапқырлықтарын сынады. Шара оқушылардыңкомандалық бірлігін, өзарақолдауын және отбасылық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталды.
3. «Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» атты тағылымды іс-шара

2026 жылғы 7 қыркүйекте Отбасы күніне орай Алакөл ауданының «Жанұя» отбасын қолдау орталығы «Отбасылық мұрағат: менің отбасымның тарихы» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырды.
Шара барысында 53 жыл отасқан Зайра апай мен Жеңіс атаның отбасына арнайы барып, сұхбат жүргізілді. Ерлі-зайыптылар отбасылық өмірі, еңбек жолы, құндылықтары мен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, отбасы тарихынан сыр шертетін жәдігерлер мен естелік суреттерін таныстырды.
Кездесу барысында өзара сыйластық, түсіністік, сенім мен жауапкершіліктің отбасы беріктігіндегі маңызы айтылып, жас отбасыларға ақыл-кеңестер берілді. Шара соңында Жеңіс ата ақ батасын беріп, отбасыларға береке мен бірлік тіледі.
4. «Үйленуге дейін: талқылау маңызды 10 тақырып» атты ақпараттық-танымдық іс-шара

2026 жылғы 7 қыркүйекте Отбасы күніне орай Қаратал ауданының «Жанұя» отбасын қолдау орталығының ұйымдастыруымен Үштөбе қаласының гуманитарлық колледжінде «Үйленуге дейін: талқылау маңызды 10 тақырып» атты ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді.
Кездесуге 2–3 курс студент қыздары мен орталық мамандары қатысып, отбасы құндылықтары, некеге жауапкершілікпен қарау, қаржылық сауаттылық, бала тәрбиесі, жеке шекара, өзара сыйластық және болашаққа ортақ мақсат қою мәселелері талқыланды.
Іс-шара еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттер белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Кездесу барысында болашақ отбасылық өмірге саналы дайындықтың және маңызды шешімдерді өзара түсіністік пен ашық диалог арқылы қабылдаудың маңыздылығы түсіндірілді.
5. «Мерейлі отбасы» тақырыбында отбасылық оқу

2026 жылғы 7 қыркүйекте Отбасы күніне орай Басши ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы» тақырыбында отбасылық оқу өткізілді.
Іс-шара барысында отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және үлгілі отбасыларды қоғамға таныту бағытында тағылымды әңгімелер мен отбасылық оқулар ұйымдастырылды.
6. «Отбасы бізден басталады» атты кездесу

2026 жылғы 7 қыркүйекте «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Отбасы бізден басталады» атты кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге аға буын өкілдері мен жастар қатысып, отбасы құндылықтары, өзара сыйластық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, ерлі-зайыптылардың жауапкершілігі және бала тәрбиесі тақырыптары талқыланды.
Іс-шара барысында ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталар жастарға ақ батасын беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
7. «Ұрпақтар сабақтастығы – тәрбие тамыры, болашақтың кепілі» тақырыбында ата-аналармен кездесу

2026 жылғы 7 қыркүйекте Талдықорған қаласындағы Қ. Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінде Отбасы күніне орай «Ұрпақтар сабақтастығы – тәрбие тамыры, болашақтың кепілі» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында жүлделі II орын иеленген Манаспаевтар әулеті өздерінің отбасылық құндылықтары, еңбек пен жетістікке жету жолдары туралы ой бөлісті. Оқушылар отбасыға қатысты көкейкесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
8. «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» тақырыбында танымдық іс-шара

2026 жылғы 7 қыркүйекте Сарқан ауданының «Жанұя отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және өнегелі отбасылардың тәжірибесін насихаттауға бағытталды.
Шара барысында қазақ халқының бата беру дәстүрінің мәні мен тәрбиелік маңызы түсіндіріліп, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу мәселелері сөз болды. Қатысушылар бата түрлерімен танысып, өздері білетін баталарымен бөлісті.
Іс-шара ұлттық құндылықтарды насихаттауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және бата беру дәстүрін кейінгі ұрпаққа дәріптеуге бағытталды.
