
Ақсу ауданындағы №7 сайлау учаскесіне джиу-джитсудан әлем чемпионы Азат Мусабаев отбасымен бірге келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты.
Спорттағы биік жетістіктерімен ел мерейін асқақтатып жүрген спортшы бүгін азаматтық таңдауын жасап, отбасы мүшелерімен бірге дауыс берді.
«Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Спортта ел намысын қорғап жүрген азамат ретінде Отанымыздың болашағына бейжай қарай алмаймын. Сондықтан отбасыммен бірге сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасадым. Ел бірлігі мығым, болашағымыз жарқын болсын», – деді Азат Мусабаев.
Әлем чемпионының отбасымен бірге сайлауға қатысуы – азаматтық жауапкершіліктің және ел өміріне белсенді араласудың жарқын үлгісі.
Бірлік бар жерде – береке бар. Ел болашағы – ортақ таңдауымызда!
h
