
Ақсу ауданы Есеболатов ауылындағы №7 сайлау учаскесіне 60 жыл отасып, бірге ғұмыр кешкен Шанкетовтар отбасы бала-шағасымен бірге келіп, Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты.
Отбасының отағасы, 90 жасты алқымдаған Қыдыр Шанкетов ақсақал үшін ел өміріндегі маңызды оқиғадан қалыс қалмау – азаматтық парыз.
«Жасым тоқсанға таяды. Өмірімде талай кезеңді көрдім. Бүгінгі Құрылтай депутаттарының сайлауы – еліміз үшін тарихи әрі маңызды күн. Бала-шағаммен бірге келіп, өз дауысымды бергеніме қуаныштымын. Ұрпағымның болашағы жарқын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деді Қыдыр ақсақал.
Ал 60 жыл бойы бірге өмір сүрген Шанкетовтар отбасының бала-шағасымен бірге сайлау учаскесіне келуі – отбасылық бірлік пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
Қыдыр ақсақалдың ұрпағына үлгі болып, елдік маңызы бар күнде өз таңдауын жасауы – кейінгі буынға тағылымды өнеге.
