
Ақсу ауданы Ащыбұлақ ауылының №15 сайлау учаскесінде «Бірлігіміз жарасқан» бастамасы аясында ауыл тұрғындарының бір тобы ұйымдасқан түрде дауыс беруге қатысты.
100-ге жуық тұрғын тұңғыш рет өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз азаматтық таңдауын жасады.

Ауыл тұрғыны Байсалова Ғалия:
«Бүгінгі сайлау – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды тарихи кезең. Ауыл тұрғындарының бірлесе сайлау учаскесіне келуі – біздің ынтымағымыз бен ел болашағына деген ортақ жауапкершілігіміздің көрінісі. Әр азамат өз таңдауын жасап, Құрылтай депутаттарын сайлауға белсенді қатысуы маңызды», – деді.
«Бірлігіміз жарасқан» ұстанымымен бас қосқан Ащыбұлақ ауылының тұрғындары ұйымшылдық танытып, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.
