
Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы №3 сайлау учаскесінде «ҚазСуШар» қызметкерлерінің 30 адамнан тұратын тобы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.
Кәсіпорын қызметкерлері сайлаудың маңыздылығын атап өтіп, азаматтық құқықтарын пайдаланып, дауыс беруге белсенді қатысты.
«Бүгінгі сайлау – еліміздің болашағы үшін маңызды. Әр азамат өз таңдауын жасап, ел дамуына қатысты азаматтық ұстанымын білдіруі қажет деп есептеймін. Біз әріптестерімізбен бірге сайлау учаскесіне келіп, өз дауысымызды бердік», – деді «ҚазСуШар» қызметкері Нұрлан Шоқпаров.
Жансүгіров ауылындағы №3 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сәйкес өтуде.
