Ақсу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы дауыс берді

Бүгін, 23 тамыз күні елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтуде.

Ақсу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Айтбаев №1 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Аманкелді Айтбаев сайлау – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіретін маңызды қоғамдық шара екенін атап өтті. Ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде ол тұрғындарды белсенділік танытып, азаматтық борышын орындауға шақырды.

Сайлау учаскесінде дауыс беру процесі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылып, тұрғындарға өз таңдауларын жасауға барлық жағдай жасалған.

Әр дауыс – ел болашағына жасалған таңдау!

Мәліметпен бөлісу: