Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық барысында азаматтарды ақпараттандыру жұмыстары ерекше маңызға ие. Сайлаудың ашық әрі әділ өтуі тұрғындардың нақты әрі сенімді ақпаратпен қамтамасыз етілуіне де байланысты.
Бүгінде ақпарат алмасу мүмкіндігі өте кең. Әлеуметтік желілерде, түрлі интернет платформаларында және мессенджерлерде сан алуан ақпарат таралады. Алайда олардың барлығы бірдей ресми немесе шынайы бола бермейді. Сондықтан сайлауға қатысты мәліметтерді тек ресми ақпарат көздерінен алу маңызды.
Ресми ақпараттарда сайлау мерзімдері, сайлау учаскелерінің орналасқан жері, дауыс беру тәртібі, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері және өзге де қажетті мәліметтер жарияланады. Бұл ақпараттардың барлығы қолданыстағы заңнамаға негізделіп беріледі.
Егер азаматтарды қандай да бір мәселе қызықтырса немесе түсініксіз сұрақтар туындаса, олар сайлау комиссияларына жүгініп немесе ресми түсіндіру материалдарымен таныса алады. Бұл азаматтардың дұрыс ақпарат алуына және сайлау процесіне сенімді қатысуына мүмкіндік береді.
Сайлау мәдениеті тек дауыс беру күнімен өлшенбейді. Ол азаматтардың құқықтық сауаттылығымен, заң талаптарын құрметтеуімен және ресми ақпараттарға сүйене отырып шешім қабылдауымен де ерекшеленеді. Сондықтан әрбір азаматтың ақпаратты жауапкершілікпен қабылдауы үлкен маңызға ие.
«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген халық даналығы әділдік пен шындықтың әрдайым басты орында тұруы керектігін аңғартады. Бұл қағида сайлау процесіне де қатысты. Ашықтық пен заңдылық ресми ақпаратқа сүйенген жағдайда ғана толық қамтамасыз етіледі.
Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты тек ресми дереккөздерге сүйену – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, сайлаудың заң талаптарына сәйкес әрі ашық өтуіне де өз үлесін қосады.
h
