«Заң мен тәртіп»: Ақсу ауданында алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу бойынша рейд өткізілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ақсу аудандық прокуратурасының бастамасымен аудандық полиция бөлімі және уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында сауда орындарында алкоголь өнімдерін өткізу кезінде заңнама талаптарының сақталуына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлерге лицензиялау талаптары мен қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік түсіндірілді.

Сонымен қатар тұрғындар мен кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін заңсыз өткізудің құқықтық салдары туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Ақсу аудандық прокуратурасы азаматтар мен кәсіпкерлерді алкоголь өнімдерін лицензиясыз және заңмен белгіленген уақыттан тыс сатуға жол бермеуге, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Мәліметпен бөлісу: