
Ақсу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлау науқандарының заң талаптарына сәйкес, ашық әрі әділ өткізілуін қамтамасыз етуге және тұрғындардың сайлау саласындағы құқықтық білімін жетілдіруге ерекше мән береді.
Осы бағытта комиссия сайлау заңнамасының талаптарын кеңінен түсіндіру, сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын жетілдіру, сондай-ақ жастар арасында азаматтық белсенділік пен сайлау мәдениетін дамыту мақсатында түрлі оқыту семинарларын, кездесулерді, дөңгелек үстелдерді және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде ұйымдастырып келеді.
Өткізілетін іс-шаралар барысында қатысушыларға сайлау заңнамасындағы өзекті өзгерістер, дауыс беру рәсімдері, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері жан-жақты баяндалып, олардың сауалдарына заң талаптарына сәйкес толыққанды түсініктемелер беріледі. Сонымен қатар, жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуын қолдау мен олардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға басымдық беріледі.
Ақсу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы алдағы уақытта да тұрғындармен өзара тығыз байланыс орнатып, сайлау үдерісінің ашықтығын, жариялылығын және әділдігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді. Мұндай жүйелі жұмыстар азаматтардың сайлау жүйесіне деген сенімін нығайтып, еліміздегі демократиялық құндылықтардың одан әрі дамуына оң ықпал етеді.
Ақсу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Жұмабеков
h
