Бизнес өкілдерінің ұсыныстары «Әділет» партиясының тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі бастамалар топтамасына енгізіледі

«Əділет» партиясының Іскерлік кеңесі алаңында партия Төрағасы Айбек Дəдебай тау-кен металлургия кешені кəсіпорындарының басшыларымен, мемлекеттік органдардың жəне салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында саланы дамыту, отандық кəсіпорындарға қолдау көрсету, жаңа өндіріс орындарын ашу, шикізатты терең өңдеу, инженерлік кадрлар даярлау сынды өзекті мəселелер талқыланды.

Кездесуді ашқан Айбек Дəдебай Қазақстанның минералды шикізат қоры аса бай екенін атап өтті. Саланың əлеуеті ең алдымен ел экономикасын дамыту жолында қызмет етуге тиіс.

«Бұл – тек экономикалық мəселе емес. Бұл – əділдік мəселесі. Жер байлығы халықтың əл-ауқатына айналуға тиіс. Сондықтан «Əділет» партиясы терең өңдеу ісін дамытуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға жəне жоғары деңгейде өңделген өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған Президенттің стратегиялық бағдарын толық қолдайды», — деді партия Төрағасы. Оның айтуынша, табиғи ресурстарды пайдалану тəсілін өзгерту қажет. Мемлекет шикізатты экспорттап, сол шикізаттан өндірілген дайын өнімді сатып алып отырған кезде негізгі табыс, жаңа өндірістер мен жұмыс орындары Қазақстаннан тыс жерде қалыптасады. Сондықтан шикізатты терең өңдеу ісін дамыту қадамы өнеркəсіп саясатының негізгі басымдықтарының біріне айналуға тиіс. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның мəліметінше, өткен жылғы қорытынды бойынша тау-кен металлургия кешені мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің шамамен 8%-ын қамтамасыз етті. Өндірілген өнім көлемі 14 трлн теңгеден асып, экспорт көлемі 21,4 млрд АҚШ долларын құрады. «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ басқарма төрағасы Нариман Абсаметовтің айтуынша, бүгінде тау-кен металлургия кешені мемлекет үшін стратегиялық маңызға ие болып отыр. «Сирек кездесетін минералдарға қолжетімділік мемлекеттің жаһандық бəсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды факторлардың біріне айналуда. Қазақстан бірегей минералды шикізат базасына ие жəне оны тиімді игеру қадамы еліміздің əлемдік нарықтағы позициясын нығайтуға мүмкіндік береді», — деді Нариман Абсаметов. Талқылау барысында сала өкілдері бірқатар жүйелі мəселені көтерді. Атап айтқанда, Тау-кен өндіруші жəне тау-кен металлургиялық кəсіпорындардың республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец теміржол тасымалы сала үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтіп, транзиттік тасымалдан түсетін кірістерді бөлудің неғұрлым теңгерімді тəсілін қарастыруды ұсынды. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Руслан Өскенəлі саланы одан əрі дамыту мəселесі мемлекет, бизнес жəне қоғам арасындағы тұрақты өзара іс-қимылды талап ететінін атап өтті. «Əділет» партиясының Іскерлік кеңесі отандық өнеркəсіпті дамытуға жəне Қазақстан экономикасын нығайтуға бағытталған бастамаларды əзірлейтін тиімді алаңға айналатынына сенімдімін», — деді Руслан Өскенəлі. Қатысушылар кəсіпорындарды жаңғырту, инвестиция тарту жəне білікті кадрлар даярлау мəселелеріне де ерекше назар аударды. Кездесуге қатысушылар табиғи ресурстар жаңа өндірістерді іске қосуға, заманауи технологияларды енгізуге жəне жаңа жұмыс орындарын ашуға негіз болуға тиіс екенін атап өтті. «Qarmet» АҚ басшысы Вадим Басин кəсіпорында жүргізіліп жатқан ауқымды жаңғырту жұмысы туралы айтып, қауіпсіздікке, еңбек жағдайына жəне кəсіби кадрларға инвестиция салмайынша өндірісті дамыту мүмкін емес екенін жеткізді. «Өнеркəсіп секторы үшін əділдік – адамның еңбегін құрметтеу деген сөз. Кəсіпорын қауіпсіздік есебінен емес, өз алдына дамуға тиіс. Инвестиция тек жабдықтарға ғана емес, адамдарға да бағытталуы керек», — деді Вадим Басин. Кездесуді қорытындылай келе Айбек Дəдебай бүгінде саланы дамыту мəселесін талқылап қана қоймай, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету аса маңызды екенін атап өтті. Ол Іскерлік кеңес отырысының қорытындысы бойынша «Əділет» партиясы тау-кен металлургия саласын дамытуға арналған бірыңғай бастамалар топтамасын əзірлейтінін мəлімдеді. Оның негізіне бизнес өкілдерінің, салалық қауымдастықтардың жəне сарапшылар қоғамдастығының ұсыныстары енгізіледі. «Бүгін нақты əрі шын мəнінде аса маңызды өте көп ұсыныс айтылды. Олардың əрқайсысы жан-жақты қаралып, жүйеленіп, Іскерлік кеңестің алдағы жұмысының бір бөлігіне айналады. Біздің міндетіміз – бизнес пен мемлекет арасындағы диалогтың күн сайын жалғасуын қамтамасыз ету», — деп түйіндеді Айбек Дəдебай. Кездесу соңында «Əділет» партиясының жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табысталды. Партияның қызметі туралы қосымша жаңалықтарды ресмиTelegram-арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy press@adilet-partiyasy.kz

Предложения бизнеса войдут в пакет инициатив партии «Əділет» по развитию горно-металлургического комплекса

На площадке Делового совета партии «Əділет» Председатель партии Айбек Дадебай встретился с руководителями предприятий горно-металлургического комплекса, представителями государственных органов и отраслевых ассоциаций. Участники обсудили вопросы развития отрасли, поддержки отечественных предприятий, создания новых производств, глубокой переработки сырья, подготовки инженерных кадров и др. Открывая встречу, Айбек Дадебай отметил, что Казахстан обладает богатой минерально-сырьевой базой. При этом потенциал отрасли должен работать прежде всего на развитие собственной экономики. «Это не только экономический вопрос. Это вопрос справедливости. Богатство земли должно конвертироваться в богатство людей. Именно поэтому партия «Əділет» полностью поддерживает стратегический курс Президента на развитие глубокой переработки, строительство новых производств и наращивание выпуска продукции высоких переделов», подчеркнул Председатель партии. По его словам, необходимо изменить подход к использованию природных ресурсов. Пока страна экспортирует сырье и закупает готовую продукцию, произведенную из этого же сырья, основные доходы, новые производства и рабочие места создаются за пределами Казахстана. Именно поэтому развитие глубокой переработки должно стать одним из ключевых приоритетов промышленной политики. По данным АО «НГК «Тау-Кен Самрук», по итогам прошлого года горно-металлургический комплекс обеспечил около 8% ВВП страны. Объем произведенной продукции превысил 14 трлн тенге, а экспорт составил 21,4 млрд долларов. Как заявил председатель правления АО «НГК «Тау-Кен Самрук» Нариман Абсаметов, сегодня горно-металлургический комплекс приобретает стратегическое значение для государства. «Доступ к редким и редкоземельным минералам становится одним из важнейших факторов глобальной конкурентоспособности страны. Казахстан обладает уникальной минерально-сырьевой базой, и ее эффективное освоение позволит укрепить позиции страны на мировых рынках», — сказал Нариман Абсаметов. В ходе обсуждения представители отрасли обозначили ряд системных вопросов. Так, исполнительный директор Республиканской ассоциации горнодобывающих и горно-металлургических предприятий Николай Радостовец отметил, что для отрасли железнодорожные перевозки имеют стратегическое значение, и предложил рассмотреть более сбалансированный подход к распределению доходов от транзитных перевозок. Председатель правления ТОО «Корпорация Казахмыс» Руслан Оскенали отметил, что дальнейшее развитие отрасли требует постоянного взаимодействия государства, бизнеса и общества. «Уверен, что Деловой совет партии «Əділет» станет эффективной площадкой для выработки инициатив, направленных на развитие отечественной промышленности и укрепление экономики Казахстана», — подчеркнул Руслан Оскенали. Отдельное внимание участники уделили вопросам модернизации предприятий, привлечения инвестиций и подготовки квалифицированных кадров. Участники встречи отметили, что природные ресурсы должны становиться основой для создания новых производств, внедрения современных технологий и новых рабочих мест. Глава АО «Qarmet» Вадим Басин рассказал о масштабной модернизации предприятия, отметив, что развитие производства невозможно без инвестиций в безопасность, условия труда и профессиональные кадры. «Для промышленного сектора справедливость — это когда труд человека уважается. Когда предприятие развивается, но не за счет безопасности. Когда инвестиции идут не только в оборудование, но и в людей», — подчеркнул Вадим Басин. Подводя итоги встречи, Айбек Дадебай отметил, что сегодня особенно важно не только обсуждать вопросы развития отрасли, но и обеспечивать их практическую реализацию. Он сообщил, что по итогам заседания Делового совета партия «Əділет» сформирует единый пакет инициатив по развитию горно-металлургической отрасли. В его основу войдут предложения представителей бизнеса, отраслевых ассоциаций и экспертного сообщества. «Сегодня прозвучало много конкретных и действительно важных предложений. Каждое из них будет рассмотрено, систематизировано и станет частью дальнейшей работы Делового совета. Наша задача – чтобы диалог между бизнесом и государством продолжался на ежедневной основе», — подытожил Айбек Дадебай. В завершение встречи новым членам партии «Əділет» были вручены партийные билеты. Больше новостей о деятельности партии в официальном Telegram-канале: https://t.me/adilet_partiyasy press@adilet-partiyasy.kz

Мәліметпен бөлісу: