Халықтық билік, Заң және Тәртіп – саяси жаңғырудың түйінді қағидаттары

Президент Қ.К.Тоқаев саяси реформалар ең алдымен азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті. Жаңа саяси жүйенің негізгі элементі заң шығаруға бастамашылық жасау құқығын ала отырып, қоғам өкілдерін, сарапшылар қауымдастығын және өңірлерді біріктіретін Қазақстан Халық Кеңесі болады. Сонымен қатар, тікелей демократия тетіктерін дамыту жалғасуда. 2022 жылдан бастап елде үш жалпыұлттық референдум өткізілді, бұл халық егемендігі қағидатының дәйекті түрде нығая түскенін көрсетеді.
Мемлекет басшысы Заң және Тәртіп, жауапкершілік, адал еңбек және мемлекетке қызмет ету қағидаттарына негізделген жаңа әлеуметтік мәдениетті дамытуға ерекше назар аударды. «Адал Азамат» құндылықтарын және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын ілгерілету жауапты азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.
Президент заңды құрметтген, мемлекеттік институттардың жұмысы тиімді болмаған және әрбір азамат жалпыұлттық міндеттерді іске асыруға белсенді қатыспаған жағдайда, елдің тұрақты дамуы мүмкін емес екенін атап өтті.
VIII Парламенттің жұмысы барысында депутаттар 2000 мыңнан астам парламенттік сауал дайындады, 30-дан астам үкіметтік сағат және 9 парламенттік тыңдау өткізді, бұл парламенттік бақылау сапасының жақсарғанын және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-әрекеттің нығайғанын растайды.
Мемлекет басшысы «Аманат» пен «Әділет» екі саяси партияның бірігуін құптап, барлық прогрессивті қоғамдық-саяси күштердің жалпыұлттық құндылықтар мен мақсаттар төңірегінде бірігуі елде жүргізіліп жатқан терең реформаларға айтарлықтай серпін беретінін атап өтті.
Президент жүргізіліп жатқан барлық реформалардың басты мақсаты жас ұрпақ үшін жарқын болашаққа жол ашатын өркениетті және озық мемлекет құру екенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ мынаны дұрыс атап өтті: «біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Еліміздің табысты дамуы тек өзіміз үшін қажет. Егер біз біртұтас ұлт ретінде біріге алсақ, кез келген биіктерді бағындырып, барлық мақсаттарымызға жетеміз».

Мәліметпен бөлісу: