
2026 жылғы 22 мамыр күні Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылындағы Молықбай Байсақұлы атындағы аудандық мәдениет үйі ғимаратында «Halyk Әуені» концерттік-гастрольдік туры аясында ауқымды мәдени шара ұйымдастырылды.
Кеш қонақтарына «Қазақстан Камератасы» классикалық музыка ансамблі мен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры өнерпаздары жоғары деңгейдегі концерттік бағдарламаларын ұсынып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Концерт барысында қазақ және әлем классикасынан таңдалған музыкалық шығармалар, танымал опералық ариялар мен вокалдық туындылар орындалды. Өнер иелерінің кәсіби шеберлігі, сахна мәдениеті мен орындаушылық деңгейі ауыл тұрғындарының ыстық ықыласына бөленіп, кештің сәнін арттырды.
Мәдени шараға Ақсу аудандық әкімдігінің өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, ауыл тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, жастар қатысып, өнер кешінің куәсі болды. Көрермендер концерттік бағдарламаны зор ықыласпен қабылдап, өнерпаздарға ыстық қошемет көрсетті.
Аталған мәдени іс-шара өңір тұрғындарының рухани өмірін байытып, ұлттық және классикалық өнерге деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етті. Сонымен қатар, ауылдық жерлерде кәсіби өнер ұжымдарының концерттерін ұйымдастыру мәдени байланысты нығайтып, халықтың эстетикалық талғамын дамытуға мүмкіндік береді.
«Halyk Әуені» концерттік-гастрольдік туры аясындағы мұндай тағылымды кештер алдағы уақытта да жалғасып, ел ішіндегі мәдени құндылықтарды насихаттауға өз үлесін қоса бермек.
В рамках концертно-гастрольного тура «Halyk Әуені» в области Жетісу состоялся духовно-культурный вечер
22 мая 2026 года в районном Доме культуры имени Молыкбай Байсакулы в селе Жансугуров Аксуского района области Жетісу в рамках концертно-гастрольного тура «Halyk Әуені» было организовано масштабное культурное мероприятие.
Для гостей вечера ансамбль классической музыки Казахстанская Камерата и артисты Казахский национальный театр оперы и балета имени Абая представили концертную программу высокого уровня, подарив зрителям незабываемые духовные впечатления.
В ходе концерта прозвучали произведения казахской и мировой классики, известные оперные арии и вокальные композиции. Профессиональное мастерство артистов, сценическая культура и высокий исполнительский уровень были тепло встречены жителями села и придали мероприятию особую атмосферу.
В культурном мероприятии приняли участие представители акимата Аксуского района, работники сферы культуры, жители села, представители интеллигенции, молодежь ставшие свидетелями яркого вечера искусства. Зрители с большим интересом приняли концертную программу и выразили артистам искренние аплодисменты.
Данное культурное мероприятие внесло значительный вклад в обогащение духовной жизни жителей региона и повышение интереса к национальному и классическому искусству. Кроме того, организация концертов профессиональных творческих коллективов в сельской местности способствует укреплению культурных связей и развитию эстетического вкуса населения.
Подобные содержательные вечера в рамках концертно-гастрольного тура «Halyk Әуені» будут продолжены и в дальнейшем, внося свой вклад в популяризацию культурных ценностей страны.
