Әр пенде тағдырдың маңдайына жазғанын көріп, һәм өлшеп берген ғұмырын сүреді. Жаратқан иеміз біреуге таудай талап ал біреуге бармақтай бақ берсе, біреуге таусылмас байлықпен ұзақ ғұмыр береді…
Ауылдың шеті дөң болса, Ерттеулі тұрған атпен тең. Ауылыңда қарт болса, Жазылып қойған хатпен тең,-деп бабаларымыз бекер айтпаған. Бұрынғының арты, бүгінгінің қарты болған абыз кеуде қарттарымыздың орны ерекше екеніне ешкімде талас келтіре алмас. Берісі отбасының арысы өңіріміздің ақылшысына айланған. Бар саналы ғұмырын еліміздің өркендеп өсу жолына арнаған қарттарымыздың
қатары жетерлік. Міне сондай ата – апаларымызды бірегейі болған аудан ғана емес Жетісу өңіріне есімдері мәлім Қасымбеков Нұрбек Сәрсенбайұлын 85 жасқа Сеңкібаева Ажар
Сәрсенбайқызы 80 жасқа толып отыр. Жоғарыда аталған ата — апаларымызды кеңес жиналысының алдында аудан әкімі Е.Базарханов мерейлі жасқа толған туған күндерімен құттықтап, Нұрбек Сәрсенбайұлына шапан жапса, Ажар Сәрсенбайқызының иығына камзолмен, ақ жаулық жапты.
Әскен АРҒЫНҰЛЫ.