Халық өз таңдауын жасады

Халық өз таңдауын жасады. Қасым — Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинап, сайлауда жеңіске жетті. Бұл 6 миллион 504 мың 54 дауыс.

Үш айға жуық уақытқа дейін Тоқаев Конституцияда жазылған дәйектілік бойынша елдің Президенті болды. Қазір ол жедел сайлаудан кейін Президенттің лауазымына заңды түрде отырды.

Қасым — Жомарт Тоқаевты бүгін ел астанасында Тәуелсіздік сарайының ғимаратында ел президенті лауазымына тағайындап, салтанатты түрде ұлықтау рәсімі өтті. Болашақ Президентіміз халық алдында Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант қабылдады.

Осындай қуатты мемлекетімізді құрған Тұңғыш көшбасшымыздың бағытын ары қарай жалғастыра отырушы келешек Елбасының бірінші басымдығы қоғамымыздың бірлігін сақтап қалу болса, біздің қоғам, біздің халқымыз береке — бірлікпен осы үміткерге сенім білдірді. Бұл халқымыздың өз таңдауы. Сайлау әділ өтті.

Ләззат Қасымбекова,

«Ақсу өңірі» газетінің директор – бас редакторы, «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі.

Мәліметпен бөлісу: