
Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі (жүйе) жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша түрі болып табылады. Жүйе шектеулі ынтымақтастық қағидатына негізделген, яғни әлеуметтік аударымдар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) жұмыс істейтін халық үшін төленеді. Бұл ретте, олар үшін МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар түскен және әлеуметтік тәуекел жағдайы туындаған адамдар ғана әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылады.
Бүгінгі таңда жүйеге шамамен 7 млн жұмыс істейтін азамат қатысады, жыл сайын 1,3 млн-нан астам адам МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер алады.
Жүйе екі ұзақ мерзімді әлеуметтік маңызы бар төлемді қарастырады – еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша. Бұл төлемдер бюджет қаражаты есебінен төленетін мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.
Келесі екі әлеуметтік төлем ана мен балалық шақпен байланысты. Мәселен, жұмыс істейтін әйел кірісінен айырылған кезеңде жүктілікке және босануға байланысты, сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер алады.
Жүйеге қатысушы үшін жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан маңызды қолдау болып табылатын жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем. Ол жүйеге қатысушы Мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда тағайындалады.
МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті құқықтық актілерімен реттеледі. Төлем мөлшерлері әр жүйеге қатысушы үшін жеке есептеледі және тікелей МӘСҚ-ға уақтылы және толық төленген әлеуметтік аударымдарға байланысты анықталады.
Заңнамалық тұрғыдан МӘСҚ әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттардың (мәліметтердің) анықтығын тексеру құқығына ие. Осыған байланысты қажет болған жағдайда тиісті сұраулар мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, төлеушіге және өтініш берушіге жіберіледі. Әлеуметтік аударымдардың МӘСҚ-ға уақтылы және толық түспеуі, сондай-ақ құжаттар мен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтердің сәйкессіздігі тексеріске негіз бола алады.
Жалған еңбек қатынастары немесе жалған мәліметтердің ұсынылғаны анықталған жағдайда материалдар құқық қорғау органдарына жіберіледі.
Әлеуметтік желілерде таратылып жатқан МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем алуға көмектесуге бағытталған жарнамалық сипаттағы хабарламаларға, соның ішінде бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемді «ұзартып беру» туралы хабарламаларға бөлек назар аударамыз.
Бала күтімі бойынша демалыста отырған әйелдердің жұмыс орны сақталады, осыған орай олардың жұмыссыздар категориясына жатпайтынын атап өткен жөн. Жұмыссыз мәртебесі тек шын мәнінде жұмыс іздеп, оған кірісуге дайын адамдарға беріледі.
Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тек жүйе қатысушысына, ол жұмыссыз ретінде тіркеліп, тиісті міндеттемелерді орындаған жағдайда тағайындалады. Төлем алушы жұмыспен қамтылғаны туралы Мансап орталығын хабардар етуге міндетті. Жалған мәлімет берілген жағдайда, төленген қаражат заңда белгіленген тәртіппен қайтарылады.
Әлеуметтік төлем алу мақсатында қасақана жалған мәлімет беру алаяқтық ретінде бағалануы мүмкін. Әлеуметтік желілерде осындай хабарламаларды тарататын адамдар және осындай істерге қатысатын азаматтар заң бойынша жауапқа тартылуы мүмкін екендігін ескертеміз.
Мысалы, 2025 жылы елдің 12 өңірінде алаяқтық фактілері бойынша 30-дан астам қылмыстық іс қозғалған, ал бес өңірде 7 сот үкімі шығарылған. Азаматтар әлеуметтік желілердегі (Instagram және басқалары) жарнамалық хабарламаларға өтіп, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша алаяқтық схемаларға тартылғаны анықталды.
Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында жүйе бойынша қажетті ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуды ұсынамыз (электрондық үкіметтің веб-порталы (egov.kz), Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (enbek.gov.kz), МӘСҚ-ның ( gfss.kz) ресми сайттары). Сондай-ақ, жеке деректерді, оның ішінде жеке электрондық цифрлық қолтаңба кілттерін үшінші тұлғаларға бермеу қажет. Кез келген сұрақ туындаған жағдайда 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.
МӘСҚ-дан тағайындалатын әлеуметтік төлемдер заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады және әлеуметтік желілердегі «көмекшілердің» қатысуын қажет етпейді. Саналы көзқарас пен ресми арналарды пайдалану – азаматтардың қаржылық қауіпсіздігінің кепілі.
Социальные выплаты без рисков: избегаем мошенников в соцсетях
Система обязательного социального страхования (система) в Казахстане является дополнительной формой социального обеспечения работающего населения. Она основана на принципе ограниченной солидарности — уплата социальных отчислений в Государственный фонд социального страхования (ГФСС) производится за работающее население. При этом получателями социальных выплат являются лица, за которых поступили социальные отчисления в ГФСС и у которых наступил случай социального риска.
Сегодня в системе участвуют порядка 7 млн. работающих граждан и более 1,3 млн. человек ежегодно получают социальные выплаты из ГФСС.
Системой предусмотрены две долгосрочные социально-значимые выплаты – по случаям утраты трудоспособности и потери кормильца. Эти выплаты осуществляются в дополнение к базовым государственным социальным пособиям по инвалидности и по потере кормильца за счет бюджетных средств.
Следующие две социальные выплаты связаны с материнством и детством. Так, работающая женщина на период потери дохода получает социальные выплаты в связи с беременностью и родами, а также по уходу за ребенком до полутора лет.
Важной поддержкой для участника системы, независимо от причин увольнения, является социальная выплата по потере работы, которая назначается при условии его регистрации в Карьерном центре в качестве безработного.
Порядок назначения социальных выплат из Фонда регламентирован Социальным кодексом Республики Казахстан и подзаконными актами Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан. Размеры выплат рассчитываются индивидуально и напрямую зависят от своевременности и полноты уплаченных социальных отчислений в ГФСС.
Законодательно ГФСС имеет право проверять достоверность документов (сведений), необходимых для назначения социальных выплат. В этой связи, при необходимости направляются запросы в государственные органы и соответствующие организации, плательщику и заявителю. Основаниями для проверки могут послужить несвоевременное и неполное поступление социальных отчислений в ГФСС, несоответствие документов и сведений в информационных системах государственных органов и организаций.
В случаях, когда выявляются признаки фиктивных трудовых отношений или предоставления недостоверных сведений, материалы передаются в правоохранительные органы.
Отдельного внимания заслуживают распространяемые в социальных сетях сообщения рекламного характера о содействии в получении социальных выплат из ГФСС, в том числе о «продлении» выплаты по уходу за ребенком до полутора лет.
Следует учитывать, что женщина, находящаяся в отпуске по уходу за ребенком, сохраняет за собой рабочее место и не относится к категории безработных. Статус безработного присваивается только лицам, которые действительно ищут работу и готовы приступить к ней.
Напоминаем, что социальная выплата по потере работы назначается только участникам системы, зарегистрированным в качестве безработного и выполняющим соответствующие обязательства. Получатель выплаты обязан своевременно уведомлять Карьерный центр о трудоустройстве. В случае предоставления недостоверных сведений выплаченные средства подлежат возврату в установленном законом порядке.
Важно помнить, что предоставление заведомо ложных сведений с целью получения социальных выплат может классифицироваться как мошенничество. Лица, распространяющие подобные сообщения в социальных сетях, а также граждане, вовлечённые в такие схемы, могут быть привлечены к ответственности.
Так, в 2025 году в 12 регионах страны возбуждено более 30 уголовных дел по фактам мошенничества, в пяти регионах страны уже вынесено 7 судебных приговоров. Установлено, что лица были вовлечены в мошеннические схемы получения социальных выплат, следуя рекламным сообщениям в социальных сетях (Instagram и т.д.).
В целях недопущения возможных негативных последствий рекомендуем руководствоваться информацией, размещаемой на официальных источниках (веб-портал электронного правительства (egov.kz), официальные сайты Министерства труда и социальной защиты населения (enbek.gov.kz), ГФСС (gfss.kz)). Также, не следует передавать персональные данные, включая ключи от личной электронной цифровой подписи третьим лицам. При возникновении вопросов можно обратиться в контакт-центр по номеру 1414.
Социальные выплаты из ГФСС предоставляются в установленном законом порядке и не требуют участия «помощников» из социальных сетей. Осознанный подход и использование официальных каналов — основа финансовой безопасности граждан.
