«Өткеннің қазынасы -болашаққа»

       Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты тарихи еңбегімен бастау алатын, бұл күнде Ұлы даланың жеті қыры   бағдарламасы елімізде үлкен рухани серпіліс туғызды. Өйткені, Ұлт Көшбасшысының идеясы ұлтымыздың тұтастығы мен мемлекетіміздің жарқын болашағына бағытталған құнды құжатқа айналып, барша қоғамға тың серпіліс әкеліп, үлкен деңгейде оң қоғамдық пікір қалыптастырды. Аталған мақалада тағылымы мол тарихымызды зерделеуге, төлтума мәдениетімізді қолдауға қатысты нақты міндеттер атап көрсетілді.

   «Рухани жаңғыру» бағдарламасына ел тұрғындарының ықылас-пейілі ерекше. Бұл өркениетті елдер қатарына қосылуға ұмтылып отырған елімізді жаңа белеске көтеретіні сөзсіз.

    «Ұлт тарихы өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтарды  ұлттық құндылықтар құрайтын болса, өлке тарихы — сол құндылықтардың бастау бұлағы» — деген Елбасының ұлағатты сөзі өмір сүріп жатқан өз өлкеңді танып-білу керектігін айтып тұрғаны бізге бағдаршам болуы тиіс.

    Мен   бұл мақаламды,   ардагер-журналист  Д. Мұхаметшарұлының сөзімен  бастағалы отырмын. 

— «Діңгекке» барам дедім немереме,

Білмеймін қызықты екен неменеге?

— «Діңгек» ағаш тіреу емес пе,

Онда нең бар демес пе!

— Ол жер аты, бұрын солай аталған,

Қазір Есеболатов,  дейді атын,

Мен де батырдың жерлесімін –деп жырлағандай.

      «Н.Есеболатов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын    орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Отан тарихы – өлке тарихынан бастау алады» дегендей,   ауылымыздың тарихы жоспарға сай түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.       

     Нұрсұлтан Есеболатов атындағы орта мектебінің ұжымы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  Ұлы даланың жеті қыры   бағдарламасы бойынша жылдық жұмыс жоспарына сай жасаған. Қашан да жаңашылдыққа жаны құмар мектеп директоры   Әлімғалиева  Жаухар  Әлімғалиқызы 2016-2017 оқу жылында мектептің үшінші қабатында «Ерлік залы» мен «Шежіре залын» жасақтап, ұйымдастырды. Биылғы жылы да  белсенділік танытып, мектеп ғимаратының   ішіне,  атап айтар болсақ,  мектебіміздің директоры  Жаухар  Әлімғалиқызының басшылығымен  өскелең ұрпаққа өлке тарихын насихаттау бағыты бойынша тарихи өлкетану  музейі ашылды. 

     «Еңбектері ерен, өмірлері өнеге» Нұрсұлтан Есеболатов Ұлы Отан соғысында 28 панфиловшылардың бірі болған, Кеңес Одағының батыры,  Мейірман Ермектасов  1922 жылы  «Діңгек» ауылы мектебі аталатын        3- кластық бастауыш білім ошағын тұрғызып,  сол мектепте үш  жыл көлемінде ұстаздық етіп, халықтың  сауатын ашты. Ашылған музейдегі тарихи тұлғалардың  өмірбаяны, соғыста жазған хаттары, суреттері, жауынгерлік марапаттары  және көне жәдігерлермен мектеп оқушылары  таныстырып өтті.  Сонымен  қоса,   ауылдың зиялы азаматтарының өнегелі өмірлеріне тоқталды.

    Тарихи өлкетану  музейінің ашылу салтанатына   Ақсу  аудандық білім бөлімінің басшысы Рамазанов Бегімбек Сейпілмәлікұлы бастап,   ардагер ұстаздар  Смағұлов Хамен, Сағымбаев Молдахан, Ақылбаева Ұлтуған, Сыздықбаева Кәметай, Данабатырова Фания, Малтүгелов Арынай, Бершімбетова Нурбикеш, Малиева Шағадат сияқты зейнеткер ұстаздар мен   мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

     Музейдің ашылу лентасын  Ақсу  ауданының білім бөлімінің басшысы Рамазанов Бегімбек Сейпілмәлікұлы және   ардагер ұстаз  Смағұлов Хамен қиып,  әжелеріміз шашуын шашып, концерттік номерлермен ашылды.

     Шара барысында  тарих пәнінің мұғалімі Сағадиев Мұхтар     Мейірман Ермектасовтың өмірбаяны мен  шығармашылығына тоқталып,  естеліктері, құжаттары, құнды жәдігерлері және   суреттерімен таныстырып өтті.

      Қонақтар бұдан да басқа музейдегі «Білімнің киелі бесігі», «Өлшеусіз еңбектің өтеуі», «Киелі шаңырақтың  білікті басшылары», «Өмірі өнегелі түлектер», «Мектеп мерейін асқақтатқан түлектер» тақырыбында ұйымдастырылған бұрыштағы естелік суреттер және мәліметтермен танысып,   өздерінің ризашылықтарын білдірді.

      Елбасы ұсынып отырған  Ұлы даланың жеті қыры   бағдарламасы жан-жақты дайындалып, тиімді жүзеге асырылатын болса, әлбетте, қоғамда жаңа рухани дәстүрді қалыптастырады және келешекте әуелі елім дейтін, нағыз отаншыл, ұлтжанды, бәсекеге қабілетті ұрпақтың өсіп-жетілетініне кәміл сенеміз.

                                                 «Н. Есеболатов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын    орталығымен»

 коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сағадиев Мухтар Лебекұлы

тарих және география пәнінің мұғалімі 

Мәліметпен бөлісу: