
Ақсу ауданына қарасты Көшкентал ауылында республикалық референдум қорытындыларын түсіндіру және қолдау мақсатында ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара ауылдық мәдениет үйінің акт залында өтті.
Кездесуге жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты. Жалпы қатысушылар саны шамамен 100 адамды құрады.
Жиын барысында референдумның маңызы, оның елдің саяси-әлеуметтік дамуына әсері және қабылданған өзгерістердің негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Спикерлер өз сөздерінде референдум нәтижелері халықтың бірлігі мен ел болашағына деген жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қолдау тапты.
Шара қорытындысында ауыл тұрғындары референдум нәтижелерін қолдайтындарын білдіріп, ел дамуына бағытталған бастамаларға белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді.
