
Ақсу ауданына қарасты Матай ауылындағы №41 референдум учаскесінде теміржол саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан Есменбетовтар әулеті дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
Теміржолшылар әулеті ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, референдумға қатысып, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті. Бірнеше буыннан тұратын әулет мүшелері дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, ел болашағына қатысты өз пікірлерін білдірді.
Есменбетовтар әулеті еңбекқорлық пен жауапкершілікті ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келе жатқан өнегелі отбасы ретінде қоғам өміріндегі маңызды шараларға әрдайым белсенді қатысып келеді.
«Біздің әулет теміржол саласында көп жылдан бері еңбек етіп келеді. Ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте шет қалмай, дауыс беру – әр азаматтың парызы деп білеміз. Сондықтан бүгін отбасымызбен келіп, өз таңдауымызды жасадық», – деді Есменбетов Қыдырмолда.
