
Ақсу ауданында өткен республикалық референдум барысында Ақсу агротехникалық колледжінің 170 студенті мен ұжымы №3 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Айта кетейік, бұған дейін колледж студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері референдумды қолдау мақсатында өлшемі 3,5 × 1,5 метр болатын алып торт пісіріп, ерекше бастама көтеріп, көпшілікке челлендж жолдаған болатын.
Бүгін сол белсенді жастар дауыс беру учаскесіне келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауда өз азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Жастардың бұл белсенділігі қоғамдағы жауапкершілік пен елге деген жанашырлықтың айқын көрінісі болды.
«Біз бұған дейін челлендж арқылы референдумды қолдайтынымызды білдірген едік. Бүгін сол қолдауымызды іс жүзінде көрсетіп, келіп дауыс бердік. Әрбір жас ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауы керек деп ойлаймын», – деді Ақсу агротехникалық колледжінің студенті Берік Санжар
