
Ақсу ауданында өткен республикалық референдум барысында ерекше көріністердің бірі – өнер мектебінің ұжымының дауыс беруі болды.

Наурыз мерекесінің қарсаңында өнер мектебінің ұстаздары мен қызметкерлері ұлттық киімдерін киіп, домбыра, қобыз сынды қазақтың ұлттық аспаптарын ала келіп, №3 референдум учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауларын жасады.

Ұлттық нақыштағы бұл көрініс дауыс беру учаскесіне ерекше рух пен мерекелік көңіл-күй сыйлады. Өнер ұжымы ел үшін маңызды саяси науқанға қатыса отырып, ұлттық құндылықтарды насихаттап, бірлік пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.

«Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі. Осындай мереке қарсаңында ұлттық киім киіп, қазақтың қасиетті аспаптарын алып, референдумға келуіміздің өзіндік мәні бар. Бұл – біздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, ел болашағына бейжай қарамайтынымызды білдіреді. Әр азамат маңызды саяси науқанда өз таңдауын жасап, ел тағдырына жауапкершілікпен қарауы керек деп ойлаймын», – деді өнер мектебінің директоры Досқали Молдағалиұлы
