Аудандық коалиция мүшелері Кенжыра орта мектебі ұжымымен, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалиция мүшелері Кенжыра орта мектебі ұжымымен, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Іс-шараға Ақсу аудандық коалициясының төрағасы Дәулетбекова Күләйхан қатысып, конституциялық жаңғыртулардың басым бағыттарына тоқталды. Олар ұсынылып отырған өзгерістердің ел дамуы мен қоғам тұрақтылығына тигізер оң ықпалын жан-жақты түсіндірді.

Кездесу барысында Конституцияның жаңа жобасының негізгі бағыттарына кеңінен тоқталып, алдағы референдумның ел дамуы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, билік тармақтарының тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Сондай-ақ жаңа жобада қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарын орнықтыруға басымдық беріліп отырғаны айтылды. Бұл өз кезегінде мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, халықтың шешім қабылдау үдерістеріне белсенді қатысуына мүмкіндік береді.

Жиын еркін форматта өтіп, ұжымы өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Қатысушылар референдумның мазмұны мен мәні туралы жан-жақты ақпарат алып, ұсынылған өзгерістерге қатысты пікір алмасты.

Мәліметпен бөлісу: