Әр қадам – болашаққа үлес: Ақсуда Конституция пазлы жиналды.

Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында «Әр қадам – болашаққа үлес: Ақсуда Конституция пазлы» атты жүгіру марафоны ұйымдастырылды. Іс-шара Бөрібай батыр ескерткішінің маңынан бастау алып, қатысушылар белгіленген бағыт бойынша тау басына көтерілді.

Марафон барысында қатысушылар алып шыққан пазл элементтері біріктіріліп, тау басында Қазақстан Республикасының Конституциясы кітабының бейнесі құрастырылды. Пазлдың әр бөлігін қоғамның түрлі саласында жетістікке жеткен азаматтар апарып орналастырды. Бұл – әр саланың ел дамуына қосқан үлесін және бірліктің маңызын білдіретін символдық көрініс болды.

Шараға спорт саласының өкілдері, жастар және аудан тұрғындары қатысып, салауатты өмір салтын насихаттап, ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.

Марафон қатысушысы Айберген Болатхан өз пікірін білдірді:
«Конституция – еліміздің дамуы мен тұрақтылығының негізі. Осындай мазмұнды іс-шаралар азаматтардың бірлігін нығайтып, ел болашағына деген жауапкершілікті арттырады. Сондықтан әрбір азамат алдағы референдумға қатысып, өз таңдауын білдіруі маңызды деп есептеймін», – деді ол.

Мәліметпен бөлісу: