
Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалиция ақпараттық науқаны аясында Ақсу ауданы аумағында «Есіктен-есікке» акциясы өтті.

Акция барысында аудан белсенділері тұрғындармен тікелей кездесіп, алдағы республикалық референдумның маңыздылығын түсіндірді. Конституциялық өзгерістердің ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған негізгі басымдықтары жан-жақты баяндалды.

Жастар ақпараттық парақшалар таратып, үгіт-насихат материалдарын заңда белгіленген тәртіпке сәйкес арнайы бекітілген орындарға орналастырды.
Мұндай форматтағы жұмыстар халықпен ашық диалог орнатуға, әрбір азаматтың пікірін тыңдауға және ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге белсенді қатысуға шақыруға мүмкіндік береді.
