АУДАНДЫҚ КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ МАТАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН!»

Аудандық коалиция мүшелері Матай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың мазмұны мен маңызын кеңінен түсіндірді. Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту екені айтылды.

Жиынға қатысқан коалиция мүшелері Темірбеков Сапарғали, Құрманғалиева Алма, Қалиақпаров Бауыржан тұрғындармен ашық пікір алмасып, ұсынылып отырған өзгерістердің ел дамуына, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге және қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Кездесу барысында тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Коалиция өкілдері барлық сұрақтарға жауап беріп, конституциялық өзгерістердің маңызын түсіндірді.

Жиын соңында қатысушылар барша азаматтарды ел болашағы үшін маңызды 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға шақырды.

Мәліметпен бөлісу: