
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» аудандық коалициясының мүшелері Қызылағаш орта мектебінің ұжымымен және Ақтоған ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесуге Ақсу аудандық коалиция өкілдері Құрманғалиева Алма, Темірбеков Сапарғали мен Естібаев Марат қатысып, елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың басым бағыттарына тоқталып, олардың қоғам дамуы үшін маңызын жан-жақты түсіндірді.

Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ойларын еркін білдіруге мүмкіндік алды. Көтерілген мәселелерге тұщымды жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер назарға алынды.
Жаңа Конституция – тиімді, ашық және есеп беретін мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға негіз болатын стратегиялық құжат. Ол берік институттарға сүйеніп, басқару тетіктерін жетілдіруге, шешім қабылдау сапасын арттыруға және жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
Халықпен тікелей байланыс – маңызды қадам. Себебі әрбір азаматтың үні – ортақ шешімнің негізі.
