АҚ ХАЛАТТЫ МАМАНДАРМЕН АШЫҚ ПІКІР АЛМАСУ ӨТТІ

Қапал ауылында медицина саласының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға аудандық коалиция мүшелері Баянова Сандуғаш, Смағұлов Семсер және Сейсебаев Ғалымбек қатысып, конституциялық өзгерістердің бағыттары мен олардың қоғам өміріндегі рөлі жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

Кездесу барысында сөз алған Баянова Сандуғаш жаңа Конституция жобасының негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау екенін атап өтті. Құжатта халықтың сапалы медициналық көмекке қол жеткізуі, денсаулық сақтау саласындағы кепілдіктердің күшеюі нақты көрсетілгенін айтты.

Оның пікірінше, жаңартылған Ата Заң әлеуметтік міндеттемелерді айқындап, тегін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, аурудың алдын алу шараларын дамытуға және ауылдық аймақтардағы денсаулық сақтау қызметінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

#Конституция

#ӘділеттіҚазақстан

#ХалықтықКонституция

Мәліметпен бөлісу: