Ақсу жастары жаңа Конституцияны қолдайды

Ақсу ауданында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және алдағы референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Жастар – Жаңа Конституция үшін» атты акция өтті. «Референдум – таңдау сенен басталады!» ұранымен ұйымдастырылған шараға аудан жастары, белсенді азаматтар мен қоғам өкілдері қатысты.

Шара барысында қатысушылар референдум – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз пікірін білдіретін маңызды саяси қадам екенін атап өтті. Жиында жаңа Конституцияның қоғам дамуы мен елдің болашағы үшін маңызы туралы пікірлер айтылып, жастардың мемлекет өміріндегі белсенді рөлі ерекше атап өтілді. 

Акция аясында жастар флешмоб ұйымдастырып, «Конституция» белгісін құрып, ел болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетті. Бұл бастама жастардың бірлігі мен ел тағдырына деген жауапкершілігін айқын аңғартты.

Шара соңында Ақсу жастары бірауыздан жаңа реформалар мен жаңа Конституцияны қолдайтындарын білдіріп, барша азаматтарды референдумға белсенді қатысуға шақырды. 

📍 Референдум – әр азаматтың таңдауы мен жауапкершілігінің көрінісі. Еліміздің болашағы үшін белсенді болайық!

Мәліметпен бөлісу: