
«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» аудандық коалиция мүшелері «Парламенттік реформа – демократиялық дамудың негізі» тақырыбында студенттермен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен маңызы кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, Парламенттің рөлін күшейту, депутаттардың жауапкершілігін арттыру, заң шығару үдерісінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелері сөз болды.

Аудандық коалиция өкілдері парламенттік реформаның демократиялық қоғам қалыптастырудағы орнына тоқталып, азаматтардың саяси үдерістерге белсенді қатысуының маңызын атап өтті. Студенттер өз тарапынан көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасу алаңы еркін форматта өтті.
Кездесу қорытындысында жастардың ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуы – Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам екені ерекше айтылды.
