
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті медициналық мамандарға, шетелдік мамандарды қоса алғанда клиникалық практиканы жүзеге асыру үшін сертификаттауды жүзеге асыралы.
Шетелдік мамандарды сертификаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері болып табылады. Қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні. Қызмет алушылар өтінімді «электрондық үкімет» порталы, www.egov.kz, www.elicense.kz сайттары арқылы бере алады. Қызмет көрсету тегін жүргізіледі және портал тәулік бойы өтініштерді қабылдайды. Қызмет алушылар керекті құжаттар тізбесімен жоғарыда аталған бұйрықтың 6 –шы қосымшасында таңыса алады.
Сонымен қатар, шетел маманының көрсетіп жатқан медициналық қызмет түрiне арналған сертификаты жоқ болуы заңсыз медициналық қызметпен айналысуы деп таңылып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 424 бабының 1 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының аумағына медициналық қызмет көрсету үшін келген шетел мамандарының қабылдауына барар алдында қажетті рұқсат құжаттарының болуына назар аудару ұсынылады.
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің
Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ
О сертификации иностранных специалистов
с медицинским образованием
Департамент Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан по области Жетісу осуществляет сертификацию медицинских специалистов, в том числе иностранных специалистов, для осуществления клинической практики.
Процедура сертификации иностранных специалистов осуществляется в соответствии с Приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 декабря 2020 г. № РК ДСМ-274/2020 «Об утверждении правил проведения сертификации специалиста в области здравоохранения, подтверждения действия сертификата специалиста в области здравоохранения, включая иностранных специалистов, а также условия допуска к сертификации специалиста в области здравоохранения лица, получившего медицинское образование за пределами Республики Казахстан».
Поставщиком услуг являются территориальные подразделения Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан. Срок предоставления услуги составляет 5 рабочих дней. Услугополучатели могут подать заявку через портал «электронное правительство», через сайты www.egov.kz, www.elicense.kz. Услуга предоставляется бесплатно. Портал принимает заявки круглосуточно. Со списком необходимых документов услугополучатели могут ознокомиться в Приложении 6 к вышеуказанному приказу.
Напоминаем, что отсутствие сертификата специалиста для допуска к клинической практике у иностранного специалиста считается незаконной медицинской деятельностью и, согласно п.1 ст.424 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях, влечет штраф на физических лиц в размере пяти, на должностных лиц – в размере пятнадцати, на субъектов малого предпринимательства – в размере двадцати, на субъектов среднего предпринимательства – в размере пятидесяти, на субъектов крупного предпринимательства – в размере семидесяти месячных расчетных показателей.
В этой связи рекомендуется до визита на приём к иностранным специалистам, прибывшим на территорию Республики Казахстан для оказания медицинских услуг, обращать внимание на наличие необходимых разрешений на осуществление медицинской деятельности.
РГУ «Департамент Комитета
медицинского и фармацевтического контроля
Министерства здравоохранения
Республики Казахстан по области Жетісу
