10 жыл тоқтап тұрған Ақсу қант зауыты бүгін қант қызылшасының алғашқы легін қабылдады.
«Ақсу қант зауытының» қант қызылшасы дақылын қабылдау пунктінің ашылу салтанатында лента қиылып, құрметті қонақтар сөзге шықпас бұрын «Молықбай» атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері қуаныштарын осы бір арнаумен жеткізді.
Ескі күнді еске алсам ғасырдағы,
Мың қуаныш нұры тұр шашылғалы.
Елбасының көреген еңбегімен,
Қант зауыт тұр бүгін ашылғалы.
Шаттық емей немене басыңдағы,
Жақсылықты жалғаса асылдары.
Жол жөнделіп зауытың іске қосып,
Өрге қарай домалар тасыңда әлі… дей келе
…Халқым құшақ жайып ұшсын,
Қантымен ақсудың шайын ішсін… деген орамды түйіні қуанышымызға қанат бітіргендей болды.
Шараға облыс әкімінің орынбасары Бескемпіров Серікжан Іслямұлы, Сарқан ауданының әкімі Қошанбеков Ерғазы Қошанбекұлының арнайы іс-сапармен келді. Аудан әкімі Ә.Далбағаев, қоғамдық кеңестің төрағасы С.Серпербаевтар халықты қуанышпен құттықтады. С. Бескемпіров өз сөзінде зауыттың қант қызылшасын алғаш қабылдауы дала еңбеккерлері үшін, өңдеушілер үшін, жергілікті халық үшін де ерекше оқиға екенін айта келе қант зауыттың іске қосылуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына және сапалы қант өндіру ісін ілгерілету мен қатар аудан экономикасының өсуіне ықпал ететінін тілге тиек етті.
Бәріміз «Ақсу қант зауытының» қант қызылшасы дақылын қабылдау пунктінің ашылуына куәгер болдық. Бұл облыс әкімінің басшылығымен инвестрларды тартып, қазір миллиардтаған қаржы құйылды. Бүгінгі шараға басшылар мен қатар Ақсу, Сарқан еңбеккерлері қатысып зауыттың толықтай іске қосылатынына көз жеткізді десек артық емес. Жалпы екі ауданда 160 шаруа қожалықтары 3200 гектар алқапта қызылша өсірген. Қазір байқауымызша өнім гектарына 320 мен 360 центенерден айлануда. Біз зауытқа 90 және 100 мың тоннадай өнім әкелуіміз керек. Жалпы Ақсу, Сарқан аудандарында 22 қуатты комбайын іске қосылады. күніне екі ауданнан 100 гектарға жуық жердің өнімі жиналады. Қараша айының 5 не дейн барлық өнімді жинап алуды жоспарлап отырмыз. Оған біздің толықтай мүмкіндігіміз бар деп айта алам… Биыл ауа-райының қолайсыздығы көктемнің кеш шығуына қарамастан бүкір агротехникалық іс шаралар толығымен орындалды. Жылдағыға қарағанда минералды тыңайтқыштар 25 – 30 пайызға артығымен берілді. Бүгінгі күнге қызылша бес алты рет суарылды. Жаз бойы қурай шөптерге Гербициттер шашылды. Қазір қарасақ әрбір түбірдің орташа салмағы 1,2 және 1,5 килаграмга дейін барады. Гектарында тығыздығы 60 – 70 мың болғанда 350 — 360 центенерден өнім жиналатын жағдай бар. Әзірге мұнда 100 адам жұмысқа тартылған, дегенмен зауыт толық іске қосылғанда мұндағы мамандар саны 650-ге жеткізілмек. Зауыттың іске қосылуы Ақсу ауданының тыныс тіршілігіне тигізер пайдасы молынан болат деп есептейміз, — дейді Агротехнология қант қызылшасын өсіру жөнінде эксперт Абулхайыр Ануар ұлы.
Ақсу қант зауытын қалпына келтіру жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Қызылша жинақтау алаңы ғана емес, барлық цехтары жұмысқа дайын, жаңа құрал-жабдықтар орнатылған, барлық технологиялық процестер автоматтандырылады…
Міне, бұл талай жыл тоқтап тұрған зауыттың қайтадан іске қосыла бастаған сәті. Осы бір айтулы сәт Ақсулықтардың есінде тарихқа жазылар күн болып қалмақ.
Кенжебек Әкімбек.